Қазақстандық спортшыға Кенесары ханның қарындасының есімі лақап ат ретінде берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстандық спортшыға Кенесары ханның қарындасының есімі лақап ат ретінде берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Vesti.kz порталына сұхбат берген Astana Patriots Fight Club клубының басшысы Алмат Тәжібаевтың айтуынша, Зәмзәгүл Файзолланованың ONE FC-мен келісімшарт жасасуына аз уақыт қалды. Спортшы қыз 14 қарашада аралас жекпе-жектен Қаскелеңде өткен жарысқа тұңғыш рет қатысып, екі жекпе-жекте де жеңіске жетті. Жарыс 65 келі салмақ дәрежесі бойынша өтті, спортшылар Орталық Азиядағы үздік спортшы атағына таласты және жеңімпазға ONE FC-пен келісімшарт жасасу мүмкіндігі берілді.
"Енді үшінші кездесуді өткізу мүмкіндігін қарастырып жатырмыз, осыдан кейін ол ONE FC-де өнер көрсетеді деп нық сеніммен айта аламыз, кейін UFC-да. Зәмзәгүл бүгінгі таңда Astana Patriots Fight Club клубының салмақты жобасы болып отыр. Ол 23 жаста және кезінде ол қазақстандық дзюдода номері бірінші болған", - деді клубтың басшысы.
Ал лақап атқа қатысты қойылған сұраққа ол: "Иә, біз оған "Бопай" деген лақап атты беруді шештік", деп жауап берді. Оның айтуынша, бұл шешім XVIII ғасырдағы қазақ батыр әйелінің есімі ұмыт қалмасын деген оймен байланысты.
"Зәмзәгүлдің қайсарлығы да оны еске салады. Бопайдың Кенесары ханның қарындасы болғаны белгілі, ол көп шайқасқан. Зәмзәгүлдің бойында соған тиесілі қасиеттер бар. Сондықтан қандай лақап ат беруге қатысты ұзақ ойландық", - деді Тәжібаев.
Айта кетейік, Зәмзәгүл Файзолланова аралас жекпе-жекте осындай жоғары деңгейге жеткен тұңғыш қазақстандық спортшы қыз. Оның қазіргі мақсаты UFC-ге шығу. Ол бір салмақ дәрежесі бойынша Ронда Роузбен кездесуі мүмкін.
Суреттерді Astana Patriots Fight Club клубы ұсынды.