20 қараша 2018 14:07

"Қиындықтардан өтіп, жеңіске жетеміз". Ильин денсаулығы жайлы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Хабар 24 © Хабар 24

Қазақстандық ауыратлет Илья Ильин Instagram желісіндегі парақшасында денсаулық жағдайы мен алдағы Токио Олимпиадасына жоспары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық ауыратлет Илья Ильин Instagram желісіндегі парақшасында денсаулық жағдайы мен алдағы Токио Олимпиадасына жоспары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спортшының айтуынша, омыртқасының саулығында айтарлықтай қиындықтар бар. Алайда ол спортшы ретінде қарапайым адамға зиян деп көрсетілген физикалық жаттығулар жасай бермекші.

"Дәрігердің қабылдауында болдым - сөйлестік. Менің омыртқамда айтарлықтай үш проблема бар. Мен бұл туралы арнайы пост жазатын шығармын, ойлану керек. Алайда талмай еңбек ету қажет... Қарапайым адамға бұлай істеуге болмайды, бірақ маған болады, себебі менің мақсатым бар және сол мақсатқа жетуім керек. Ең болмағанда соған жетіп, жақсылап өнер көрсетуім қажет. Бір ай физиотерапия, емделу, зілтемірсіз дайындықтар жүргізу керектігін айтты. Кейінірек ауыр атлетика жаттығуларын орындауыма болады екен. Мен онымен бұл мәселеде келісемін, үлкен алғыс оған, жақсы жігіт өзі. Мен спортшымын, сол себепті ары қарай жылжуым керек. Шындап келгенде айтарлықтай мәселелер бар. 

Барлығы да жақсы, менің командам мен әріптестерім жақсы. Олар маған барынша көмектеседі. Бүкіл ел болып осы қиындықтарды өткеріп, алтын медальді иеленіміз. Мен үшін алаңдап жатқандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Мен оны сезінемін. Бұл мен үшін қымбат! Асықпай, аптықпай Токио Олимпиадасына жылжимыз", - деді Ильин. 

Еске салайық, Ильин Ашхабадта өткен әлем біріншілігіне қатысуы керек болатын. Алайда омыртқасындағы жарақат салдарынан одан бас тартты. Бұл 2008 және 2012 жылғы Олимпиада жүлдесінен айырылуға себеп болған допинг дауынан кейін, екі жылдан бергі алғашқы әлемдік жарыс болу керек еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети