Кореялық чемпион қыз Қазақстан азаматтығын алды: Оның жаңа есімі - Әлия

29 Қараша 2017, 10:31
0
Кореялық чемпион қыз Қазақстан азаматтығын алды: Оның жаңа есімі - Әлия - © 24.kz
© 24.kz

Оңтүстіккореялық Ким Йонг А Қазақстан азаматтығын алды және ол Пхенчханда өтетін Олимпиада 2018 ойындарында біздің елдің атынан өнер көрсетеді. Ким - шорт-тректен Қазақстан әйелдер құрамасының үміті. Бұл туралы "Хабар-24" хабарлады.

Коньки спортына қыз бала төртінші сыныптан қызыққан. Кейінірек Кореяның және Азияның ең үздік спортшысы атанды. Біздің елге оның бұрынғы бапкері шақырған, ол Қазақстан құрамасын жаттықтырады. Қыздың ата-анасы азаматтық ауыстыруға оң көзбен қараған. 

"Қазіргі уақытта кез келген адам өзіне ұнаған елдің азаматтығын алуына болады. Сен өзіңді сол елде спортшы ретінде қалыптастыра алсаң - бұл тамаша. Мен Қазақстан халқының мейірімді әрі жақсы тұратынын білемін. Үлкен территория адамдарға бостандық береді. Кореямен салыстырғанда онда ауа таза", - дейді спортшы қыздың әкесі Ким Джонг Гон.

Қазақстан құрамасында Ким Йонг А-ға жаңа есім берілді - Әлия (Әлия Молдағұлованың құрметіне). Астанада тұрған үш жылдың ішінде кореялық қызға қазақ тағамдары ұнаған, қазіргі уақытта ол қазақ тілін меңгеріп жатыр. Қазақстанда 40 градустық аяздар мен тізеден келетін қарға таңғалған. 

"Кореяда мұз алаңдары Қазақстанға қарағанда әлдеқайда суық. Бұл жаттығуға ыңғайлы. Мен Пхенчханда өтетін Олимпиадада жеңу үшін барымды саламын. Бұл менің өмір бойы тұрған жерім, ауа райын жақсы білемін және тағамы да мен үшін үйреншікті", - деді шорт-тректен Қазақстан құрамасының мүшесі. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай