ҚР ҰОК Бейжің-2008 Олимпиадасына қатысқан қазақстандық 6 спортшының сынамасы күдік тудырғанын растады

14 Шілде 2016, 14:46
0
ҚР ҰОК Бейжің-2008 Олимпиадасына қатысқан қазақстандық 6 спортшының сынамасы күдік тудырғанын растады - © Николай Колесников
© Николай Колесников

Қазақстанның Ұлттық Олимпиадалық комитеті қазақстандық спортшылардың "Б" допинг сынамаларының қосымша тексерілу процедурасын растады, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиадалық комитеті (ҚР ҰОК) Халықаралық Олимпиадалық комитетінің хабарына қарағанда, "А" допинг сынамалары қайта тексеруден өткізілген спортшылардың арасында 2008 жылы Бейжің Олимпиадасына қатысқан қазақстандық спортшылардың алты сынамасы күдік тудырған.

Қазіргі таңда "Б" допинг сынамалары Халықаралық Олимпиадалық комитеті мен Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) процедураларына сай қосымша тексеріліп жатыр.

"Шілденің 18-26 аралығында Лозанна (Швейцария) қаласында ҚР ҰОК өкілдерінің қатысуымен "Б" допинг сынамаларын ашу және тексеру процедуралары өтеді. Қазір Халықаралық Олимпиадалық комитетінің регламентіне сәйкес бұл процедура құпия және тестілеудің түпкілікті нәтижесі алынбағанға дейін ақпарат жарияланбайды", - делінген ресми мәлімдемеде.

Қайта тестілеу процедуралары аяқталып, тексерулердің ресми нәтижелері мен хабарландыру келген кезде ғана Ұлттық Олимпиадалық комитет осы мәселе бойынша түсініктеме беруге уәкілетті болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай