28 қаңтар 2020 16:19

Леброн Джеймс қаза тапқан Коби Брайантқа уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Леброн Джеймс және Коби Брайант. © Reuters Леброн Джеймс және Коби Брайант. © Reuters

Америкалық "Лос-Анджелес Лейкерс" клубының баскетболшысы Леброн Джеймс Коби Брайанттың өліміне қатысты пікір білдірді. 35 жастағы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында қайғыға байланысты жазба қалдырды, - деп хабарлайды "Лента.ру"


Америкалық "Лос-Анджелес Лейкерс" клубының баскетболшысы Леброн Джеймс Коби Брайанттың өліміне қатысты пікір білдірді. 35 жастағы спортшы Instagram желісіндегі парақшасында қайғыға байланысты жазба қалдырды, - деп хабарлайды "Лента.ру"

"Құрып кеткір! Менің жүрегім қақ жарылды, өзімді қоярға жер таппай жүрмін, бауырым. Сені жақсы көремін. Сенің мұраңды жалғастыруға уәде беремін. Сен барлығымыз үшін өнегесің", - деді Джеймс. 

Еске салайық, әлемге әйгілі америкалық баскетболшы 41 жастағы Коби Брайант Калифорния штатында тікұшақ құлап, қаза тапты. Бұл туралы 26 қаңтарда белгілі болды. Коби Брайант қаза тапқан тікұшақ апатынан оның 13 жастағы қызы Джианна Мария да қайтыс болған. Әкесі мен қызы жаттығуға бара жатқан екен. Қайғылы оқиға жексенбіде таңғы уақытта Лос-Анджелес округіндегі Калабасас қаласының маңында болған. Тікұшақта жалпы 9 адам болған. Барлығы қаза тапқан. Джианна Марияның қазасын Лос-Анджелес мэрі Эрик Гарсетти растады.

Коби Брайанттың қазасы: Құлаған тікұшақтың суреттері пайда болды

Коби Брайант карьерасын 2016 жылы аяқтаған. Ол "Лос-Анджелес Лейкерс" командасында 20 маусым бойында ойнап, бес рет чемпион атанды, 18 рет Жұлдыздар матчына қатысқан. Бір рет тұрақты чемпионаттың ең құнды ойыншысы әрі екі рет плей-офф финал кезеңінің құнды ойыншысы атанған. 

НБА тарихындағы ең нәтижелі ойыншылар тізімінде Брайант 33643 ұпаймен үшінші орында болған, өткен сенбіде ғана оның нәтижесін Леброн Джеймс басып озған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети