10 ақпан 2018 10:14

Олимпиада-2018: Салтанатты ашылу рәсімінде түсірілген тамаша суреттер жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© olympic.org © olympic.org

Халықаралық Олимпиада комитеті Оңтүстік Кореяда басталған Олимпиаданың ашылуында түсірілген тамаша суреттерді жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.


Халықаралық Олимпиада комитеті Оңтүстік Кореяда басталған Олимпиаданың ашылуында түсірілген тамаша суреттерді жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Суреттердің толық топтамасын мына жерден көруге болады. 

Айта кетейік, кеше, 9 ақпанда Пхёнчханда ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындары ресми түрде ашылды. Салтанатты ашылу рәсімі 2 сағатқа созылды.

Ашылу салтанатында Оңтүстік Кореяның әнұранын интернационалды отбасынан шыққан 75 бүлдіршін орындады. ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында спорттың 6 түрі жаңадан қосылды. 

Спортшылар шеруінде ең алғашқы Олимпиада Грекия жерінде өткендіктен, ең бірінші Грекияның спортшылары шықты. Одан кейін мемлекеттер Кореяның алфавиті бойынша шеруді жалғастырды. Әлемнің 92 елінен 3 мыңнан аса спортшы қатысатын төртжылдықтың басты додасының ашылу салтанатында Қазақстан туын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев алып шықты. Абзал Әжғалиевтің туды алып шығу рәсімінде "Алтын адам" стилінде киінген.

Естеріңізге сала кетсек, Пёхнчханда Қысқы Олимпиада ойындары 9-25 ақпан күндері өтеді. Биыл Олимпиадада спортшылар қысқы спорттың 15 түрі бойынша 102 медальді сарапқа салады. Қазақстандық 46 спортшы спорттың 9 түрі бойынша сынға түседі. ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарын "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети