08 мамыр 2020 10:57

"Ренжімеймін, GGG - дивизиондағы ең үздік боксшы". Деревянченко Головкиннің жеңісі туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта әлем чемпионы титулына екі рет үміткер болған украиналық Сергей Деревянченко AB Boxing News-қа берген сұхбатында қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннен жеңілгенін еске алды және Сауль Канело Альвареспен жекпе-жегі туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Головкин мен Деревянченко арасында IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағы үшін  жекпе-жек өткен жылдың қазан айында Нью-Йоркте өтті. Украиналық боксшы бірінші раундта нокдаун алса да, кездесуді 12 раундқа дейін жеткізді. Нәтижесінде төрешілер жеңісті Геннадий Головкинге берді.

"Жоқ, сол кезде маған атақты бермегені үшін ренжімеймін. Маған нені үйрену керек екенін түсіндім. Меніңше Головкинмен жекпе-жегім Канеломен кездескенде жеңуге көмектеседі. Себебі GGG - орта дивизиондағы үздік боксшы. Олар (Альварес пен Головкин) екі рет кездесті, менің Геннадиймен жекпе-жегім де жақсы өтті. Кездесу өтеді деп ойлаймын. Канело және дивизиондағы басқа жігіттермен жекпе-жекке шығу қызық болар еді", - деді боксшы.

Еске салайық, Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченконың жекпе-жегі 2019 жылғы 6 қазанда таңертең Нью-Йоркте (АҚШ) Madison Square Garden аренасында өтті және 12 раундқа созылды. Төрешілер IBF және IBO орта салмақтағы екі бокс титулын Головкинге бірауыздан берді (114-113 және екі рет 115-112).

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети