28 қараша 2014 18:29

Самат Смақов "Қайрат" клубының қатарында жаттықпайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Самат Сымақов. ©Ярослав Радловский Самат Сымақов. ©Ярослав Радловский

Самат Смақов "Қайрат" клубының маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарына қатысатын ойыншылардың тізіміне енген жоқ, - деп хабарлайды Vesti.kz. Порталдың мәліметі бойынша, маусым алдында алматылық ұжым үш жаттығу жиынын өткізеді екен. Оның біріншісі 7 қаңтарда, Түркия жерінде өтеді деп жоспарлануда.


Самат Смақов "Қайрат" клубының маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарына қатысатын ойыншылардың тізіміне енген жоқ, - деп хабарлайды Vesti.kz. Порталдың мәліметі бойынша, маусым алдында алматылық ұжым үш жаттығу жиынын өткізеді екен. Оның біріншісі 7 қаңтарда, Түркия жерінде өтеді деп жоспарлануда.

Алматының "Қайрат" клубының бірінші оқу-жаттығу жиыны 19 қаңтарға дейін созылады. "Клуб екінші жаттығу жиындарын БАӘ өткізеді. Ал, үшінші оқу-жаттығу жиыны қайта Түркия жерінде өтеді. Бұл жиын барысында клуб бірнеше жолдастық кездесу өткізеді. Қарсыластарымыз Германия, Ресей және Қытай біріншіліктерінде ойнайтын клубтар болуы мүмкін. Одан бөлек, БАӘ жиын барысында "Қайрат" халықаралық турнирге де қатысуы мүмкін", - делінген "Қайрат" футбол клубының ресми сайтында. Оқу-жаттығу жиындарына шақырту алған футболшыларды мына жерден көре аласыздар. 

Самат Смақовтан бөлек алдағы жаттығу жиындарына "Қайрат" клубының қорғаушысы Александр Кислицын де қосылмаған. Ол қақпашы Дмитрий Хомич, қорғаушылар Зәуірбек Пілиев, Александр Кислицын және жартылай қорғаушылар Михаил Бақаевпен бірге жаттығудан шеттетіліп, "Астана" клубымен болған кездесуден кейін Қазақстан біріншілігі аясында алаңға шыққан жоқ. Ал "Қайрат" командасы мен Қазақстан футбол құрамасының жартылай қорғаушысы Самат Смақов маусымның соңында алматылық командамен келісімшартты үзгетінін айтқан еді. 

Еске салайық, "Қайрат" 2013-14 жылғы маусымдағы Қазақстан кубогінің жеңімпазы. Бұл кубокке алматылық ұжым "Астана-Арена" стадионында "Ақтөбе" клубын 4:1 есебімен жеңгеннен кейін қол жеткізді. 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети