22 шілде 2018 10:20

Сергей Морозов ММА турниріндегі жеңісін Денис Тенге арнады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық спортшы Сергей Морозов Таргимдегі (Ингушетия) M-1 Challenge-95 "Битва в горах-7" турнирінде жекпе-жек өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық спортшы Сергей Морозов Таргимдегі (Ингушетия) M-1 Challenge-95 "Битва в горах-7" турнирінде жекпе-жек өткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Морозов қарсыласы украиналық Зака Фатуллазадені жеңді. "Жекпе-жектің бірінші секундтарынан бастап ол рейдж ортасын алып, басымдық танытты. Фатуллазадені төрттағандатқан Морозов ауыр соққылар беріп, бірінші раундтың аяқталуына 30 секунд қалғанда техникалық нокаутпен жеңіске жетті, ол қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ", - деді Қазақстан ММА федерациясындағылар.

Сергей жекпе-жектен кейін сөз сөйлеп, жеңісін Денис Тенге арнайтынын айтты. "Жеңісімді біздің мәнерлеп сырғанаушымыз Денис Тенге арнаймын, ол жақында қайтыс болды. Мен жеңісімді Тенге және бүкіл Қазақстанға арнаймын. Алға, Қазақстан!", - деді ол.

Еске сала кетейік, 19 шілдеде Алматыда екі адам Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Денис Теннің өлімі ұлттық трагедия болды. Әлемнің әр бұрышынан адамдар хабарласып, спортшының отбасына көңіл айтып жатыр. Бүгін, 21 шілдеде Алматы мен Астанада спортшымен қоштасу рәсімі өтті.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети