26 қазан 2020 07:25

Шавкат Рахмоновтың UFC-дегі жеңісі үшін алған гонорары белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/ShavkatRakhmonov94 © instagram/ShavkatRakhmonov94

Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов БАӘ-дегі "Жекпе-жек аралында" өткен UFC-дегі дебютінде бразилиялық Алекс Оливейраны жеңгені үшін 37 500 доллар алды, - деп хабарлайды Vesti.kz басылымы Sportekz-ке сілтеме жасап.


Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов БАӘ-дегі "Жекпе-жек аралында" өткен UFC-дегі дебютінде бразилиялық Алекс Оливейраны жеңгені үшін 37 500 доллар алды, - деп хабарлайды Vesti.kz басылымы Sportekz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық октагонға шыққаны үшін 10 000 доллар, жеңісі үшін де осындай сома, сондай-ақ 3 500 доллар UFC-ден промоутердің бонусын алды. Бұдан басқа қарсыласы Оливейра салмақ өлшеудегі сәтсіздігінен кейін Рахмоновқа 14 000 доллар "сыйлады".

Ал бразилиялық жекпе-жекте 61 000 доллар қазанды. Оливейраның промоутерлік бонусы 5 000 доллар болды.

Sports Daily мәліметінше, Хабиб Нурмагомедов Джастин Гэтжимен жекпе-жектен 6 миллион доллардан аса табыс тапқан. Басылым дереккөзінің айтуынша, ресейлік жекпе-жек үшін алты миллион доллардан басқа, сол кеште шыққаны үшін 50 мың доллар бонус және жекпе-жек алдындағы промоушеннің түрлі шарасына қатысқаны үшін тағы 40 мың доллар алған. Бұдан басқа Нурмагомедов жеке ақылы трансляциялардың (PPV) сатылымынан және басқа да демеушілік төлемдерден өз пайызын алады.

Хабиб Гэтжимен жекпе-жекке үш апта қалғанда ауруханаға түскен - UFC басшысы

Еске салайық, БАӘ-дегі "Жекпе-жектер аралында" өтіп жатқан UFC 254 турнирінде Рахмонов бразилиялық Алекс Оливейрамен кездескен. Шавкат Рахмонов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді. Осылайша, қазақстандық файтер ММА-дегі 13-жеңісіне қол жеткізді.

Хабиб Нурмагомедов сенбіде Абу-Дабиде өткен UFC кешінде америкалық Джастин Гэтжиді екінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңіп, чемпион атағын қорғап қалды. Содан кейін ол карьерасына аяқтағанын мәлімдеді. Ресейлік спортшының еншісінде аралас жекпе-жекте 29 жеңіс бар. Ол бірде-бір рет жеңілмеген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети