13 ақпан 2015 19:17

Сноубордшы Валерия Цой жарыстарға қатыспау себебін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Валерия Цой. ©Спортшының жеке мұрағаты. Валерия Цой. ©Спортшының жеке мұрағаты.

Олимпиада ойындарына қатысқан Қазақстанның тұңғыш сноубордшысы Валерия Цой Vesti.kz тілшісіне Әлем кубогы жарыстарына не себепті қатыспағанын айтты.


Олимпиада ойындарына қатысқан Қазақстанның тұңғыш сноубордшысы Валерия Цой Vesti.kz тілшісіне Әлем кубогы жарыстарына не себепті қатыспағанын айтты.

Валерия Цойдың айтуынша, ол қазір өздігімен жаттығып жүр, оны қаржыландыратын демеуші жоқ, ал отбасы бұдан әрі ақша бере алмайды. 

"Ұлттық команда штат дирекциясының 2014 жылдың соңында қысқы спорт түрлерін қаржыландыруды қысқартуы менің жаттығуыма қатты әсер етті, тіпті тоқтап қалды деуге болады. Себебі ешқандай дайындық болған жоқ. Менің қарсыластарым маусым айынан бастап қар үстінде жаттығып жүргенде, мен жаз, күз мезгілдерінде бірде-бір рет қар үстінде жаттықпадым", - дейді ол.

Айтуынша, Әлем кубогының бірінші кезеңдеріне қатыспауына да қаржыландырудың тоқтауы себеп болған, оның отбасы онсыз да жеті жыл бойы бар кірісін сноубордқа жұмсапты.

"Әлем кубогын өткізіп алуыма да қаржының жоқтығы себеп болды, ал отбасым менің спортыма одан әрі ақша төлей алмайды, соңғы жеті жылда барлық жинағымыз сноубордқа жұмсалды. Ешкім келісімшарт та ұсынбады, маусым аяқталған соң шілдеге дейін жалақы төленген жоқ, бапкеріме тамыз айына дейін төленбеді, өтелген де жоқ", - дейді Цой.

Айта кетейік, Валерия Цойдың қазіргі таңда бір ғана демеушісі бар, бірақ ол спортшыны киіммен ғана қамтамасыз етеді. 

"Қазақстан 2022 жылы қысқы олимпиада ойындарын өткізуден үмітті болып отыр, бұл қисынсыздық, мұндай шараны өткізу үшін қаражатымыз жетеді деп кеуде соғып тұрып қысқы спорт түрлерін қаржыландыруды тоқтатамыз, оның ішінде сноуборд та бар. (...)", - деді ол. Сұхбаттың толық нұсқасын мына жерден оқи аласыздар.

Фото спортшының жеке мұрағатынан алынды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети