27 шілде 2021 12:26

Токио Олимпиадасы: тхэквондошы Руслан Жапаров жартылай финалға шыға алмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Сали Сәбіров / olympic.kz Фото: Сали Сәбіров / olympic.kz

Қазақстандық тхэквондошы Руслан Жапаров Токио Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық тхэквондошы Руслан Жапаров Токио Олимпиадасының жартылай финалына шыға алмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

81 келіден жоғары салмақта сынға түскен Жапаров ширек финалда Оңтүстік Корея өкілі Ке Дон Инмен кездесіп, қарсыласынан 2:10 есебімен жеңілді. 

Бұған дейін Жапаров екінші кезеңде германиялық Александр Бахманнды 11:7 есебімен жеңген болатын. 

25 жастағы Руслан Жапаров Таразда туған. 2018 жылы Азия ойындарында қола, Азия чемпионатында күміс медаль иеленген. 2016 жылғы Рио Олимпиадасында 1/8 финалда, кейін жұбаныш жекпе-жегінде жеңіліп қалған. 

Еске салайық, қазақстандық тағы бір тхэквондошы Жансель Дениз де Токио Олимпиадасының ширек финалында сүрінген еді. 

Айта кетейік, қазір Қазақстан қоржынында үш медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов, ауыратлеттер Игорь Сон мен Зүлфия Чиншанло қола медаль иеленген болатын.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети