05 шілде 2016 11:16

Владимир Седовқа Рио Олимпиадасына баруға тағы бір мүмкіндік бердік - Алексей Ни

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Vesti.kz © Vesti.kz

Қазақстандық ауыратлет Владимир Седов Риода өтетін Олимпиада ойындарына баруға іріктеуден өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ниге сілтеме жасап.


Қазақстандық ауыратлет Владимир Седов Риода өтетін Олимпиада ойындарына баруға іріктеуден өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ниге сілтеме жасап.

"Седовқа қатысты жағдай былай. Біз оған өзін-өзі көрсетсін деп тағы бір мүмкіндік беруді шештік. Ол қорытынды іріктеуге қатысады. Бірақ барлығынан бөлек. Седов өзінің мүмкіндіктерін Талдықорғанда 12 шілдеде көрсетеді", - деді Ни.

Еске салайық, Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионатында Седов 94 келі салмақ дәрежесінде турнирге қатысуы керек болатын. Алайда ол дау шығарып, сол даудың видеосы да пайда болған еді. Бейнебаянда Владимир Седовтың помостқа шыққаны, бірақ штанганы көтермегені көрінеді. Мұның орнына ол жейдесін шешіп, қолында шайқап тұрып, "Міне сіздерге нағыз Олимпиада чемпионы!" деп айғайлайды. Кейін спортшы сыртқа шығып кетеді. Алайда Седов бұдан кейін қайта шығып, жейдесін алып, көрермендерге лақтырады. Айта кетейік, Седов киіп шыққан жейдеде ресейлік ауыратлет Александр Ивановтың суреті бар екен. Ол Лондондағы Олимпиада-2012-де қазақстандық Илья Ильиннен жеңіліп, екінші орын алған болатын. Ел біріншілігінің фавориті (94 келіге дейінгі тұжырым) турнирге қатысудан осылайша бас тартты.

Ал 11 маусымда Седов Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионатына неліктен қатыспағанын айтып түсіндірген болатын. Өз кезегінде Алексей Ни Владимир Седовтың Олимпиада ойындарына бармайтынын айтқан еді.

Осыған дейін ақпарат құралдары Олимпиада чемпионы Илья Ильиннің алтын медалінен айырылып, Рио-де-Жанейро Олимпиадасы алдында дисквалификациялануы мүмкін екенін хабарлады. Олардың мәліметінше, чемпионның қанынан допинг табылған. Сонымен қатар, тізімде Зүлфия Чиншанлоның да бар екені айтылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети