31 наурыз 2014 11:12

Зарина Диас әлемнің үздік жүз теннисшілерінің қатарына қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Зарина Дияс. Сурет: wtatour.ru Зарина Дияс. Сурет: wtatour.ru

Қазақстандық теннисші Зарина Диас тұңғыш рет өзінің спорттық ғұмырында әлемнің үздік 100 теннисшілерінің қатарына қосылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап.


Қазақстандық теннисші Зарина Диас тұңғыш рет өзінің спорттық ғұмырында әлемнің үздік 100 теннисшілерінің қатарына қосылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz спорт порталына сілтеме жасап.

20 жастағы Зарина Диас Майамиде өткен турнирдің екінші айналымына шыққаннан кейін Әйелдер теннис ассоциациясының (WTA) тізімінде 105-ші орыннан 91-ші сатыға көтерілді. Жаңартылған рейтингте Қазақстанның бірінші ракеткасы Ярослава Шведова да өзінің жағдайын біршама жақсартып алған. Ол 58-ші орыннан 55-ші орынға табан тіресе, Галина Воскобоева болса бір саты төмен сырғып, 63-ші орыннан 64-ші орынға жайғасқан.

Ал, қазақстандық өзге теннисшілерден Юлия Путинцева 153-ші орыннан 154 орынға төмен сырғыса, Сесиль Каратанчева 167-ші орыннан 177-ші сатыға бірақ түскен екен.

Бұл аптадағы жаңартылған WTA тізімінің көшбасшылар қатарында айтарлықтай өзгеріс жоқ. Бірінші орынды америкалық теннисші қыз Серена Уильямс сақтауда. Екінші орында қытайлық Ли На болса, үздік үштікті польшалық теннисші Агнешка Радванска түйіндеп тұр. 

 

 

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети