Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өкілдері оқу орнында қаражат жымқыру оқиғасына түсінік берді

30 Маусым 2015, 14:24
0
© Icd.kaznu.kz
© Icd.kaznu.kz

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің өкілдері оқу орнындағы қаражат жымқыру ісіне байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚазҰУ баспасөз қызметінің мәліметінше, қарыз студенттердің саны туралы мәлімет дұрыс емес. "Қазіргі уақытта студенттер оқу үшін қарыздарын толықтай жауып қойды. Оқуға қарыз болып қалған онға таяу студент жақын уақытта қарызды өтейтіні туралы жазбаша міндеттеме жазып берді", - деп хабарлады білім беру мекемесіндегілер.

Сонымен қатар, бұл оқиғаның 2014 жылдың соңында болғаны хабарланды. Сол кезде ҚазҰУ қауіпсіздік қызметі мен аудиторлық тексеріс студенттердің алаяқтығы дерегін және бухгалтерия мамандарымен келісу арқылы оқудың ақшасын төлеуден жалтаруы дерегін анықтады. Сонымен қатар, есепшілерді жұмысқа бұрынғы басшылықтың қабылдағаны хабарланып отыр. Баспасөз қызметінің мәліметінше, есепшілер 2008 жылдан бастап қаражаттарды жымқырумен байланысты заңға қайшы алаяқтық әрекеттер жасап келген. 

Университет пен студенттің арасындағы келісімшарт бойынша, жоғарғы оқу орнында оқудың төлемі ҚазҰУ есебіне банк арқылы қолма-қол ақшасыз аударылады.

"ҚазҰУ-да қолма-қол қаражатпен төлем жасауға тыйым салынғанына қарамастан, осы аталған жұмысшылар бас пайдасының қамымен таныс, дос және туысқандарының арасында студенттерге оқуға төлем жасау кезінде жеңілдіктер ұсынған. Олар студенттерден қолма-қол қаражат алып, кейін өздері алып отырған. Өздерінің заңсыз әрекеттерін жасыру үшін келісімде болып және бухгалтерияның электронды базасына кіруге рұқсаты бола отырып, олар бұрынғы мерзіммен студенттердің оқуға жасайтын төлемдері туралы есепке жалған мәлімет толтырған", - деп хабарлады мекеме өкілдері.

Сонымен бірге, ЖОО-ның студенті Әсел Қыдырбай да қылмыстық іске күдіктілердің қатарында. Алдын ала мәлімет бойынша, қыз университетте компаниялардың бірінің атынан грантта оқып, екі түрлі банктен екі шот ашқан. "Осы шоттарға оқудың ақысы заңсыз қайтарылып отырған. Бұл ақшаларды Қыдырбай шотынан алып жүрген. Осыған орай ол қаражатты заңсыз жымқырып, алаяқтық іске қатысты деп айыпталып отыр. Сонымен қатар, ол басқа студенттерден ақша жинап, Б. Нұрлан екеуі қаражаты заңсыз иемденіп отырған деген болжам бар", - деді білім беру мекемесінің өкілдері.

ҚазҰУ мәліметі бойынша, студент қыз банк шоттарынан ақша алғанын мойындады. "Ол университеттің әкімшілігіне хабарласып, алған ақшасын қайтаруға уақыт беруді, сонымен қатар, сессияны жауып, диплом жұмысын жазуға мүмкіндік беруді сұрады. Болған оқиғаға қарамастан университет әкімшілігі оған уақыт берген. Дегенмен ол өз уәдесінде тұрмай, ақпарат құралдарына хабар беретіні туралы айтып, бопсалай бастады. Ол университетті бітіргені туралы дипломды беруді талап етті", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 4-ші курс студентіне қатысты соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай