Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Данияр Кесікбаев пен Малайзия премьер-министрінің қызының үйлену тойына шақырылған қонақтар әуе апатынан қаза тапты

05 Сәуір 2015, 15:04
0
@The Star/ANN
@The Star/ANN
@Канат Бейсекеев
@Канат Бейсекеев
@Канат Бейсекеев
@Канат Бейсекеев
@Канат Бейсекеев
@Канат Бейсекеев

Данияр Кесікбаев пен Малайзия премьер-министрі қызының үйлену тойына келген VIP-қонақтар әуе апатынан қаза тапты. Олар Пекан қаласында болған үйлену рәсімінен Куала-Лампурға қайтып келе жатқан, - деп жазады Asia One. Еске салайық, Данияр Кесікбаев пен Нуриана Наджва наурыз айының аяғында үйленген. Той салтанаты екі аптаға созылды.

Малайзия премьер-министрі Наджиб Разактың жақындары Куала-Лампурдың шет жағында тікұшақтың құлауынан қаза тапты. Қайтыс болғандардың саны алтау - премьер-министрдің кеңсесінің төрағасы Азлин Алиас, АҚШ-тың бұрынғы елшісі, бұрынғы депутат Джамалуддин Джарджис, бизнесмен Роберт Тан мен экипаждың екі мүшесі, Джарджистің оққағары бар. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, олар тікұшақ құлаған кезде қайтыс болған. Алиас пен Джарджис Малайзия астанасында басқа үйлену тойына қатысу керек болған екен.

Қаза тапқандардың денесі Куала-Лампурдағы ауруханаға жеткізілді. Малайзия премьер-министрі әуе апатын мұқият зерттеуге кірісіп кетті. "Мен қатты қайғырып тұрмын. Джамалуддин Джарджис көптеген жылдар менің досым болды. Азлин Алиас канцеляриямды бірнеше жыл басқарды, әрі өте адал қызмет етті. Олардың Малайзияның дамуына қосқан үлесі зор", - деді Наджиб Разак. Ол осы істі тергеушілерге "кінәлілерді жазасыз қалдырмау керек" екенін айтты.

Еске салайық, Данияр Кесікбаев пен малайзиялық премьер-министрдің қызының үйлену тойы мерекелік шарасы 18 наурызда басталған еді. Тойдың ресми бөлімі 28, 29 наурызда өткен.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай