01 қыркүйек 2015 | 12:12

Қазақстан Қытаймен бірлесіп автокөлік шығаратын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© russos.livejournal.com © russos.livejournal.com

Қазақстан Қытаймен бірлесіп автокөлік өндірісін жөнге келтіреді. Бұл туралы журналистерге ҚР Президентінің Қытайға ресми сапары барысында Allur Group басшысы Андрей Лаврентьев айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан Қытаймен бірлесіп автокөлік өндірісін жөнге келтіреді. Бұл туралы журналистерге ҚР Президентінің Қытайға ресми сапары барысында Allur Group басшысы Андрей Лаврентьев айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бүгін бізде елеулі оқиға - ұлттық брэндті шығару бойынша ынтымақтастық жөнінде көптен күткен меморандумға қол қойылды. Біз бүгін қытайлық JAC Motors компаниясы және зор экспорттаушы, импорттаушы агенттік - SMS компаниясымен JAC брэндімен автокөлік өндіру туралы үш жақты меморандумға қол қойып қана қоймай, ұлттық брэндті жарыққа шығару туралы стратегиялық әріптестіктің басталғанын жарияладық", - деді Лаврентьев.

Оның айтуынша, бұл жобаның астары қазақстандық тараптың белгілі бір құзыретін айшықтайды. "Біз бұл құзіретті, яғни инженерлік құрам мәселесін толықтай шешкеннен кейін, біртіндеп отандық брэндті шығаруға көшеміз", - деді Allur Group президенті.

Оның айтуына қарағанда, JAC Motors компаниясының электр қозғалтқыштарды дайындау саласында болашағы зор. "Компания гибридтік және электр автомобильдерінің құрылысы бойынша Қытай нарығындағы көшбасшылардың бірі болып отыр. Біз бұл жерден өз мүддемізді, әлеуетімізді көре аламыз, себебі біз жаңа технологиялармен, атап айтқанда экспорттау әлеуетіне мүмкіндік беретін технологиялар арқылы өңдеу саласының келешегі бар ел ретінде дамығымыз келеді. JAC Motors компаниясы ұлтаралық компаниялардың бірі, оның бірқатар елде инжинирингтік бюросы бар - Италияда, Еуропада, Америкада. Сондықтан біз бұл брэндті кездейсоқ таңдаған жоқпыз және оны бұдан әрі дамытуға тырысамыз", - деді Лаврентьев.

Айта кетейік, JAC Motors - Қытай мемлекеттік компаниясы, ол автокөліктер мен автобустар шығарады. Компанияның негізі 1999 жылы 30 қыркүйекте хэфэй "Цзянхуай" автозауытының базасы бойынша қаланған. Бүгінгі таңда JAC Motors заманауи жоғары технологиялы кәсіпорын болып табылады, ол Қытайдағы ең ірі автозауыттардың бестігіне енген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.58   535.1   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети