15 наурыз 2019 15:16

Қазақстандық қыз Илон Маскпен кездесуі жайлы айтып берді

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық Зәуре Розмат Tesla Model Y тұсаукесеріне қалай барғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық Зәуре Розмат Tesla Model Y тұсаукесеріне қалай барғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, тұсаукесерде 200 адам болған. Негізінде көбі Илон Масктың достары және инвесторлар екен.

"АҚШ-та бұрынғы қазақстандық Әнуарбек Иманбаев деген туысым бар. Ол қазір Американың азаматы. Ол компанияның акционері және Қазақстанды қолдап жүреді. Илона Маск Қазақстанды соның арқасында білетінін айтты. Содан Әнуарбек мені шақырды", - деді Зәуре. 

Ол Масктен Қазақстанға Supercharger қуаттау станциясын салу туралы уәдені қалай алғанын айтып берді.

"Илон Маск Supercharger қуаттау станциясының барлық жерде бар екенін айтты. Біз "Қазақстан!" деп айғайлап жібердік. Ол бізге "Иә, Қазақстанда біздің жақтастарымыз көп. Сондықтан ол жақта орнатуымыз керек" деді. Ол бұл мәселені қарастыру керектігін айтты. Масктың қызметкерлерінің сөзінше, ол сөзін жерге тастамайды", - деді Зәуре. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Elon Musk: “we have great supporters from Kazakhstan” ????????????

Публикация от ᴢᴀᴜʀᴇ ʀᴏᴢᴍᴀᴛ (@zaurerozmat)

Зәуренің айтуынша, миллиардер нақты уақытты белгілеген жоқ. "Ол біздің еліміз жайлы айтты. Біз дәл оның алдында тұрып, еліміздің атын атадық", - деді ол.

Оған қоса, қазақстандық қыз Илон Масктың анасымен түскен суретін Instagram желісінде жариялады.

"Масктың анасы Қазақстанға сәлем жолдады. Мен одан осыны айтуын сұрадым. Масктың анасына балаларды тәрбиелеу жағынан нағыз шебер екенін айттым. Негізінде оның анасы ұлының компаниясына сенген бірінші инвестор болған", - деді Зәуре.

Еске салайық, АҚШ-та жаңа Tesla Model Y электрмобилінің тұсаукесері өтті. Көлікті таныстыру барысында компания басшысы Қазақстанда электрмобильдерді қуаттауға арналған Supercharger станцияларын салуға уәде берген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети