Қазақстандықтар көлік салығын қашан төлеу керегі айтылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтар көлік салығын 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеуі керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіндегілер айтты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар көлік салығын 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеуі керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіндегілер айтты.

"Көлік салығын төлеу есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне ауыстырылған соң көлікке салынатын салық мөлшерін ұлғайтуға қатысты азаматтардан өтініштер түсіп жатыр.

Салық төлеуші 2020 жылға арналған салық міндеттемелерін 2021 жылдың 1 сәуіріне дейін орындауы керек.

Көлік салығының сомасы 2020 жылғы 1 қаңтарындағы айлық есептік көрсеткіштің мөлшері қолданылады", - делінген комитеттің хабарламасында.

Ведомство мәліметінше, жоғарыда көрсетілген мерзімде АЕК мөлшері 2 651 теңге болады. Салық осы көрсеткіштен есептеледі.

"2021 жыл үшін көлік салығын 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін төлеген кезде 2021 жылдың 1 қаңтарында қолданыста болатын АЕК қолданылады", - деді комитеттегілер.

Еске салайық, мүлік пен жер салығын төлеу мерзімі өзгермейді, салықтардың осы түрлері бойынша міндеттемелер есепті жылдан кейінгі жылдың 1 қазанына дейін төлеу керек.

Сонымен қатар, 2021 жылдан бастап салық төлеушілер жоғарыда көрсетілген салықтарды жаңа формада - біріктірілген бюджеттік жіктеу коды арқылы төлейтіні айтылады.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда көлік салығын төлеу мерзімі кейінге шегерілуі мүмкін екені айтылған болатын. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Сенат отырысында "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 515.06  course down  533.94  course down  5.31  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer