11 наурыз 2022 12:00

Шарын шатқалы. "Chevrolet-мен бірге республика мақтанышы" жобасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл Chevrolet мен Tengrinews.kz-тің "Республика мақтанышы" атты біріккен жобасының қорытынды шығарылымы, мұнда біз Алматы облысындағы керемет мекен - Шарын шатқалы туралы баяндаймыз. 


Бұл Chevrolet мен Tengrinews.kz-тің "Республика мақтанышы" атты біріккен жобасының қорытынды шығарылымы, мұнда біз Алматы облысындағы керемет мекен - Шарын шатқалы туралы баяндаймыз. 

Америкадағы атақты Гранд-Каньонның қазақстандық "сыңары" миллион жылдан бері қызыл түсті шөгінді жыныстан тұрады. Шатқалдағы таулардың биіктігі 300 метрден асады. Шатқалда қорғанға ұқсас ерекше формадағы жартастар бар. Осы себепті халық оны "Қамалдар даласы" деп атап кеткен. Мұнда дүние жүзінен күн сайын көптеген турист келеді, Қазақстан тұрғындары да бұл әсем жерді көруге ынтық.

Шығарылым кейіпкері Құтлықжан Юнусов Шарын шатқалын алғаш рет бесінші сыныпта суреттен көріп, біле бастаған екен. Бала Құтлықжан бұл жерге бірден ғашық болып, міндетті түрде келіп көруге бел буады. 

"Мен осында жұмыс істеймін-ау деп ойламаппын. Ал енді Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи саябағында экологиялық сауат ашу және туризм бөліміне жетекшілік етемін. Шарын шатқалының айрықшалығы - әлемде тек екі жерде орналасқан - америкалық Аризона штатында және бізде, Азияда, Қазақстанда, дәлірек айтсақ Алматы облысында. Екі түрлі құрлықта орналасқан шатқалдар әлі күнге ғалымдарға жұмбақ. Күн сайын осында жүрсем де, әр кезде шатқалды жаңа қырынан танимын. Күн сайын осы табиғаттың куәсі боламын. Күн сайын мұнда бәрі басқаша. Мұндағы табиғат қайталанбас", - дейді Юнусов.

Ғаламшарымыздың ерекше мекені туралы сюжетте толығырақ айтылған. Ал бұл мақтанышымызды қуатты 2 литрлік турболанған қозғалтқышы мен спорттық әрі заманауи дизайны бар Chevrolet Equinox кроссовері "ашып береді". Айта кетейік, автомобильді бастапқы бағамен сатып алуға болады - 16 290 000 теңгеден бастап. Сонымен қатар, Chevrolet Trailblazer толықөлшемді жол талғамайтын көлігін бұрынғы бағамен бөліп төлеу опциясы бар несиемен алуға болады.

Еске салайық, "Chevrolet-мен бірге республика мақтаныштарына" жобасының әр бөлімінде ел мақтанышы саналатын ең көрікті жерлер мен нысандар баяндалады. Ал әр нысанға еліміздегі танымал Chevrolet автомобиль брендінің модельдерінің бірі барады. Алғашқы шығарылым сәулет өнерінің жауһары - Түркістанда орналасқан Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне арналды. Кейіпкерлер ол жерге жайлы Chevrolet Malibu седанымен барды. Ал екінші шығарылымда Асы-Түрген обсерваториясы туралы айтылды. Күрделі, тік жолдарға қарамастан, біз бұл жерге қуатты Chevrolet Equinox кроссовері арқасында жеттік. Үшінші шығарылымда еліміздің астанасы туралы, дәлірек айтсақ, оны кім және қалай жобалағаны туралы айттық. Қалаға ыңғайлы Chevrolet Traverse кроссоверімен бардық. Төртінші шығарылым - "Бурабай" ұлттық табиғи саябағы туралы, онда Chevrolet Traverse көлігімен бардық. Бесінші шығарылымда "Медеу" мұзайдынындағы мұз өңдеушінің ерекше кәсібі туралы айттық, онда жайлы Chevrolet Tracker кроссовері оңай көтерілді. Алтыншы шығарылым Оңтүстік Қазақстандағы ерекше мекен - Шымкенттің ескі шаһары - "Шымқала" қамалына арналды. Бұл мақтанышымызды аз тонналы Chevrolet Damas жүк көлігі "ашты".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети