19 маусым 2015 09:15

"Сұрдың 50 реңі" романының ерлерге арналған нұсқасы шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Сұрдың 50 реңі" фильмінен "Сұрдың 50 реңі" фильмінен

Ұлыбританиялық жазушы Эрика Леонард Джеймс "Сұрдың 50 реңі" эротикалық романының ерлерге арналған нұсқасын жазып шықты. "Grey" деп аталған кітаптың ағылшын тіліндегі нұсқасы 18 маусымда сатылымға шықты, - деп хабарлайды Deutsche Welle. Роман оқырмандарға миллиардер әрі көрікті жігіт Кристиан Греймен танымал.

Автор оқырмандарының тілегін орындағанын айтты: "Кристиан - жан-жақты кейіпкер, оқырмандар оның арманы мен мақсаттары, өткен өмірі үшін үнемі алаңдады".

Джеймстің жаңа туындысы кезекті бестселлер атанып қалуы мүмкін. Еске сала кетейік, "Сұрдың 50 реңі" романы мен оның жалғасы ретінде жазылған екі бөлімі 50-ден астам тілге аударылып, әлемде 125 миллион данамен таралды. Сыншылар бұл романды "порнографияның әдеби нұсқасы" деп атады, себебі романда сексуалды көріністер ашық сипатталған.

Романның желісі бойынша фильм түсірілді, ол әлемдік прокатта жарты миллиард доллар жинады.

Сарапшылардың айтуынша, ұлыбританиялық жазушының туындысын көбіне әйелдер ғана оқиды. Жаңа роман жаңалық емес. "Кітап эротикалық көрініске негізделген дөрекілеу махаббат хикаясы жайлы. Ер адамдар мұндайды оқымайды", - деді неміс тілшісі, эротика туралы телебағдарламаның жүргізушісі Паула Ламберт.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети