06 мамыр 2018 11:01

Белбеулерім толып жатыр. Жігіттер, қолдарыңнан келсе тартып алыңдар - Головкин

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Ванес Мартиросянды екінші раундта нокаутпен жеңгеннен кейін пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин америкалық Ванес Мартиросянды екінші раундта нокаутпен жеңгеннен кейін пікірін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тамаша күйдемін. Қазақстандық достарыма көп рақмет, қолдаған барша адамға рақмет. Ванес - тамаша боксшы, бірнеше жақсы соққысын дарытты. Бірінші раундта кездесу қиын болады деп ойладым, бірақ екінші раундта бәрі де бітті. Бұл Синко де Майоға орай керемет сый болды", - деді Головкин рингте. 

Сонымен қатар, ол жақсы қарсылас іздейтінін мәлімдеді. "Қыркүйекте "Канеломен" реванш дейсіз бе? Ол дайын болса, біз дайын. Кіммен болса да жұдырықтасуға дайынмын. Тоғыз жыл бойы чемпионмын, белбеулерім толып жатыр. Жігіттер, қолдарыңнан келсе, келіп алып кетіңдер", - деп мәлімдеді қазақстандық боксшы.

Еске салайық, 6 мамырда таңғы уақытта Карсон қаласындағы StubHub Center аренасында өткен кездесуде кездесуде Головкин қарсыласы Ванес Мартиросянды екінші раундта нокаутқа түсірген болатын. 36 жастағы қазақстандық боксшы осымен 38-ші жеңісіне қол жеткізіп отыр, оның 34-і нокаутпен аяқталған. 32 жастағы Мартиросян болса карьерасында төртінші рет жеңілді. Қазақстандық WBA титулын 19-шы рет, IBO титулын 17 ал WBC титулын төртінші рет қорғап қалып отыр. Осылайша отандасымыз Бернард Хопкинстің әлем чемпионы титулын 20 мәрте қорғап қалған боксшы ретінде рекордты қайталады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети