Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Бивол мен Канело реванш өткізу туралы сұраққа жауап береді 08 мамыр 2022, 13:58

Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес ресейлік Дмитрий Биволмен реванш өткізуді қалайды. Бұл туралы ол жекпе-жектен кейін рингте мәлімдеді,
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: ©Reuters Фото: ©Reuters

Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес ресейлік Дмитрий Биволмен реванш өткізуді қалайды. Бұл туралы ол жекпе-жектен кейін рингте мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, ресейлік боксшы жартылай ауыр салмақтағы WBA Super нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағын сәтті қорғады. Бұл ретте, Альварес - супер орта салмақтағы абсолют чемпион.

"Ешқандай сылтау жоқ. Бокста жеңіліс болып тұрады. Бивол - керемет чемпион. Реванш болады ма? Иә. Бәрі осылай аяқталғанын қаламаймын", - деді Канело.

Бивол реваншқа келісті, бірақ ол енді шарттарды өзі қоятынын атап өтті.

"Реванш? Мәселе жоқ, талқылайық. Негізі бұл жекпе-жекті ешқандай ерекше шарттарсыз өткізгім келген. Енді өзіме біраз жағдай жасағым келеді. Мен осы жекпе-жекке келістім, себебі бұл бірінші кезекте маған мүмкіндік болды. Реваншқа дайынмын", - деп жауап берді ресейлік бокшсы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram