11 тамыз 2014 10:00

Бокс әлеміндегі даңқты промоутер жынысын ауыстырмақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sunday Mirror © Sunday Mirror

Бокс әлемінде танымал промоутер, кезінде ауыр салмақтағы әлем чемпионы, британдық былғары қолғап шебері Леннокс Льюистің менеджері болған Фрэнк Мэлоуни жынысын ауыстыру үшін операция жасауға дайындалып жатыр. Бұл туралы 61 жастағы Мэлоуни Sunday Mirror газетіне айтып берді. 


Бокс әлемінде танымал промоутер, кезінде ауыр салмақтағы әлем чемпионы, британдық былғары қолғап шебері Леннокс Льюистің менеджері болған Фрэнк Мэлоуни жынысын ауыстыру үшін операция жасауға дайындалып жатыр. Бұл туралы 61 жастағы Мэлоуни Sunday Mirror газетіне айтып берді. 

Оның айтуына қарағанда, өткен жылдың қазан айында 30 жыл бойы тынбай еңбек еткен промоутерлік кәсібін тастап кеткен. Ол бокстан шаршағанын сондықтан да әрі қарай бұл кәсіпте жұмыс істей алмайтынын айтады.

Енді Мэлоуни әйел ретінде жаңа өмір бастауға ниетті. Ол бүгінде өзінің есімін Келли деп ауыстырып, әйел секілді киініп, макияж жасап, әйелдердікі секілді шаш үлгісін де жасатады. Одан бөлек бұрынғы промоутер гормональды терапия және шаштарын алу курстарынан өткен. Алдаға уақытта ол жынысын ауыстыру үшін операция да жасатады. 

Мэлоунидің айтуынша, ол өзін шын мәнінде әйел деп санайтынын көп жылдар бойы жасырып келген. Ол өмір сүрген бокс әлемінде бұл туралы сөз қозғаудың өзі қиын дейді. "Мен негізі дұрыс тәнде туылған жоқпын, мен әйел екенімді бұрыннан білетінмін. Енді оны жасырып жүре алмаймын, сондықтан да операция жасатамын. Енді медицина менің өмірге келген кездегі қателігімді қайта дұрыстайтын болады. Мен бұл операциясыз өліп те кетуім мүмкін", - дейді Фрэнк. 

Айта кетейік, Фрэнк Мэлоуни 1989 және 2001 жылдар аралығында Льбюистің менеджері болып жұмыс істеген. Ол бокс әлеміндегі ең мықты промоутерлердің бірі болып, келіссөздер кезіндегі қатал мінезімен есте қалған. Мэлоуни осы уақытқа дейін екі рет үйленіп, екі әйелінен үш баласы бар. Екінші әйелі Мэлоунидің жынысын ауыстыратынын естіген сәтте-ақ ажырасу туралы арыз жазған.

 

© Sunday Mirror, FameFlynet.uk.com

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети