18 мамыр 2023 10:31

Бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздарына пәтер берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Бокстан әлем чемпионатының қазақстандық жүлдегерлеріне жаңа пәтер кілттері беріліп, бапкерлеріне үлкен қаражаттағы сертификаттар табыс етілді, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Жамбыл облысында әлем чемпионатының жүлдегерлері Асланбек Шымбергенов пен Дулат Бекбауовты марапаттау рәсімі өтті. Бекбауов 67 келі салмақта екінші орын алса, Қазақстан құрамасының капитаны Шымбергенов 71 келі салмақта әлем чемпионы атанды.


Бокстан әлем чемпионатының қазақстандық жүлдегерлеріне жаңа пәтер кілттері беріліп, бапкерлеріне үлкен қаражаттағы сертификаттар табыс етілді, - деп хабарлайды Tengri Sport.

Жамбыл облысында әлем чемпионатының жүлдегерлері Асланбек Шымбергенов пен Дулат Бекбауовты марапаттау рәсімі өтті. Бекбауов 67 келі салмақта екінші орын алса, Қазақстан құрамасының капитаны Шымбергенов 71 келі салмақта әлем чемпионы атанды.

"Жамбылдық боксшылар әлем чемпионаттарында сәтті өнер көрсетіп, Жамбыл бокс мектебі мықтылардың бірі екенін тағы бір дәлелдеді. Спорттың осы түрін дамыту керек сонымен қатар Олжас Сәттібаев, Әбілхан Аманқұл, Асланбек пен Дулат спорттағы өз жолдарын абыроймен жалғастырып жатыр", - деп келтіреді Жамбыл облысының әкімінің сөзін Vesti.kz.

Сондай-ақ аймақ басшысы боксшыларға алдағы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына сәттілік тіледі.

Сонымен қатар, жеңімпаздарға жап-жаңа пәтерлердің кілттері табыс етілді. Шымбергеновке үш бөлмелі, ал Бекбауовқа екі бөлмелі пәтер сыйға тартылды.

"1999 жылы Хьюстонда (АҚШ) өткен әлем чемпионатында Болат Жұмаділов алтын медаль жеңіп алса, 24 жылдан кейін Асланбек Шымбергенов қазақ спорт жұлдызының жетістігін қайталады. Біз үшін бұл үлкен мақтаныш, үлкен қуаныш. Бұл іске жаттықтырушылар - ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпеков пен жаттықтырушы Ермек Ертаевтың қосқан үлесі зор", - деген Нұржан Нұржігітов боксшылардың ата-аналарына да алғысын білдірді.

Қазақстандықтардың бапкерлер құрамы да назардан тыс қалмады. Асланбектің жеке бапкері Ермек Ертаев алтын медаль үшін 5 000 000 теңгенің сертификатын алса, Дулаттың жаттықтырушысы Нұрлан Ақүрпеков екінші орын үшін 3 000 000 теңгенің сертификатымен марапатталды.

Асланбек Шымбергеновтен бөлек, Санжар Тәшкенбай (48 келіге дейін), Махмұд Сабырхан (54 келіге дейін) және Нұрбек Оралбай (80 келіге дейін) бокстан әлем чемпионы атанды.

Бұған дейін Астанада 2023 жылғы әлем чемпионатының жеңімпаздарын салтанатты түрде қарсы алып, Ташкенттегі жанкүйерлер үйге шақырып, қолдауы көрсеткені туралы қазақ боксшыларының бірі Нұрбек Оралбай айтқан болатын.

Бокстан әлем чемпионатының ұйымдастырушылары турнирдің қазақстандық жеңімпаздарының құрметіне арналған әнұран басталған уақытта музыка бірнеше рет тоқстап қалды. Осы сәтте жанкүйерлер чемпиондармен қосылып әнұранды аяғына дейін орындап жатқан видеосы ел жұрттың ыстық ықыласына бөленді.

Қазақстандық спортшылар 2023 жылғы әлем чемпионатында бес финалдың төртеуінде жеңіске жетіп, тарихтағы жеңісін қайталады. 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы дәл осылай чемпион атанған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети