19 қараша 2019 12:43

Деревянченко Головкиннен жеңілгеннен кейін кіммен жұдырықтасатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Sport bigmir © Sport bigmir

Орта салмақта әлем чемпионы титулына бұрынғы үміткер украиналық Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) алдағы жекпе-жегіне қатысты жоспарын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақта әлем чемпионы титулына бұрынғы үміткер украиналық Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) алдағы жекпе-жегіне қатысты жоспарын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Деревянченконың айтуынша, боксшының командасы жазда келісімге келе алмаған Сауль Альвареспен келіссөздер бастамақшы.

"Желтоқсанда Чарло Бруклинде жұдырықтасады. Сол жекпе-жекке барып, болашағымды сөз етемін. 2020 жылы менің командам Альвареспен келіскісі келеді. Мүмкін болса қыркүйекте жұдырықтасамыз. Келісе алатынымзға көзім жетсе, мамырда бір жұдырықтасамын, сосын Альваресті күтемін. Олай болмаса, Чарломен келіссөздер жүргіземіз. Бұл жазға таман шығар. Чарло - жақсы қарсылас. Бұл тамаша жекпе-жек болады", - деді Деревянченко.

"Соққысы шошытты". Головкин - Деревянченко жекпе-жегі жайлы бокс әлемі не дейді?

Еске салайық, 6 қазанда Головкин Деревянченконы жеңген болатын. Геннадий Головкин бірінші раундта украиналық Сергей Деревянченконы нокдаунға түсірді. Десе де Деревянченко орнынан тұрып, ұрысты жалғастыра алды. 12 раундқа созылған жекпе-жек отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Төрешілер жеңісті бірауыздан Головкинге берген еді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети