10 шілде 2019 09:19

Деревянченко мен Головкин "Канелоның" титулы үшін жұдырықтасуға дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) орта салмақта әлем чемпионы Сауль Альварес пен оның міндетті үміткері Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жекке қатысты промоутерлік сауда-саттықты бастады. Бұл туралы ұйымның мәлімдемесінде жазылған, - деп хабарлайды BoxingScene.

Деревянченконың адвокаты Алекс Домброфф IBF-ге Альварестің командасымен келіссөзді жалғастырғысы келмейтінін айтқан. Енді IBF ережесі бойынша промоутерлік сауда-саттық өтуі керек - ол 23 шілдеде ұйымның Спрингфилдтегі (Нью-Джерси штаты, АҚШ) штаб-пәтерінде болады.

Айта кетейік, IBF титулын Альварес 4 мамырда Лас-Вегаста иеленген еді. Ол бұл белбеуді америкалық Дэниэл Джейкобстан жеңіп алған болатын. Содан бері мексикалық боксшы рингке шыққан жоқ. Келесі жекпе-жегі қыркүйекте өтеді деп жоспарланып отыр. 

Бұған дейін Альварес промоутерлік сауда-саттықтан бас тартса, IBF одан белбеуін тартып алатыны хабарланған еді. Ал бос қалған титул үшін Деревянченко ең жақын үміткер қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасады. 

2015-2018 жылдар арасында Головкинде IBF титулы болған, бірақ былтыр қыркүйекте Альвареспен жұдырықтасу үшін Деревянченкомен жекпе-жек өткізуден бас тартып, белбеуінен айырылған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети