11 желтоқсан 2019 13:13

Екеуінде де титул бар. Қазақстандық нокаутшылар WBC рейтингінде жоғарылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/janibek_alimkhanuly © instagram.com/janibek_alimkhanuly

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) дивизиондар бойынша рейтингін жаңартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) дивизиондар бойынша рейтингін жаңартты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спорт порталының мәліметінше, жаңа тізімде екі қазақстандық боксшының орны өзгерген. Осылайша, орта салмақта өнер көрсететін Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) екі сатыға жоғарылап, 15-орыннан 13-орынға көтерілді.

Соңғы жекпе-жегінде қазақ боксшысы АҚШ-тың Фресно қаласында канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) нокаутқа түсіріп, WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерін қорғап қалды.

Сонымен бірге, бірінші орта салмақта жұдырықтасатын Батыр Жүкембаев та бір сатыға көтеріліп, 11-орынға жайғасты.

Батыр Жүкембаев 26 қыркүйек Канадада өткен соңғы жекпе-жегінде бұрынғы әлем чемпионы Мигель Васкесті (41-8, 15 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, екінші деңгейлі WBA Continental және IBF Inter-Continental белбеулерін иеленген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети