26 қаңтар 2021 11:06

"Елімнің туын биікке көтере алмағаныма өкінемін". Жұмағұлов екінші рет жеңілгеніне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов екінші рет жеңілгеніне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов екінші рет жеңілгеніне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Барлығы біліп отырғандай, менің #UFC257 жекпе-жегіндегі екінші жекпе-жегім нәтижесіз болды. Мені осы күнге дейін қолдайтын және маған сенетіндердің барлығына, қолдау білдіріп, жазғандарға сіздің үміттеріңізді ақтамағаныма қарамастан, алғыс айтамын. Мені сынаушыларға да рахмет айтамын, бұл сіздің ойыңыз бен эмоцияңызды білдіруге сіздің құқығыңыз.

Мүмкін мен өзіме тым көп тапсырған шығармын және мұндай ұйымда менің елімнің атынан сөйлеу, өте үлкен жауапкершілік. Мен өз елімнің туын биікке көтере алмағаныма өкінемін. Мен қолымнан келгеннің бәрін жасауға тырыстым, бар күшімді бердім, халқымның алдында шын ниетіммен жасадым, бірақ бәрі мен қалағандай болмады. Демек, бұл Алла тағаланың тағдыры болғаны.

Енді демалып, күш-қуатымды жинап әрі қарай жаттығу жоспарын жақсарту үшін алда біраз жұмыс күтіп тұр. Мен өзіме артылған үмітті ақтағым келді, бірақ әрқашан мен қалағандай бола бермейді, бірақ мен осы сынақтар арқылы өтіп, мықты болып ораламын! Мен берілмеймін, көңілімді қалдырып мойымаймын! Мықтылығымды дәлелдеймін!", - деді боксшы. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети