05 маусым 2019 18:52

GGG, алға! Қазақстандықтар Геннадий Головкинді қолдау флешмобын жалғастырып жатыр

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандықтар Геннадий Головкинді қолдау флешмобын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жанкүйерлер видео түсіріп, оны әлеуметтік желілерде  #GGGалға, #GGGalga, #GGGbizbirgemyz, #GGGмывместе хэштегтерімен жүктеп жатыр. 


Қазақстандықтар Геннадий Головкинді қолдау флешмобын жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жанкүйерлер видео түсіріп, оны әлеуметтік желілерде  #GGGалға, #GGGalga, #GGGbizbirgemyz, #GGGмывместе хэштегтерімен жүктеп жатыр. 

"Шудың бойында", "Зың Зың" әндерімен танымал Ахан Отыншиев қазақстандық боксшыны қолдауға арналған флешмобқа атсалысуға шақырып, видеода "көк аспанда" деп әндетіп, сәттілік тіледі. 

"Геннадий Головкин - Қазақстанды әлемге танытқан чемпион. Ол біздің мақтанышымыз, аңыз адам. Гена, сені жеңу мүмкін емес. Сәттілік!", - деді әнші Ахан Отыншиев қолын көтеріп.

Боксшыны әнші Мәди Рымбаев та қолдап, Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында сурет жүктеді. 

"Достар, Геннадий Головкинді қолдау мақсатында флешмобқа атсалысайық! 8 маусым күні (Қазақстанда 9 маусым таңда) жекпе-жекте жерлесіміздің жеңетініне сенемін!", - деп жазған жас әнші.

Қазақстандық жас барабаншы, Вадим Тен де боксшымызға әсерлі музыкасымен қолдау білдіріп, видео түсірген. 

"8 маусымда Геннадий Головкин рингке оралады. Біздің чемпионды қолдаймыз", - деп жазған жас талант.

Геннадий Головкинді "Қазақстан аруы - 2019" атанған Мәдина Батық та қолдады. "Гена, сіз халқымыз үшін нағыз чемпионсыз. Біз сізге сенеміз! Алға, GGG! Біз біргеміз", - деді еліміздің ең сұлу қызы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

«Мисс Казахстан 2019» Мадина Батык присоединяется к флешмобу в поддержку Геннадия Головкина. Присоединяйтесь и вы! Запишите видео в поддержку GGG. GGG-дің келесі жекпе-жегі 8 маусымда (Қазақстан уақытымен 9 маусымда) Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қарсыласы - канадалық Стив Роллс. Свой следующий бой Головкин проведет 8 июня (9 июня по времени Казахстана) на арене Madison Square Garden в Нью-Йорке, соперником будет канадец Стив Роллс. #GGGalga #GGGbizbirgemyz #GGGалға #GGGмывместе #vestikz MUAH by @ainuraryspect #ggg #алгагена #golovkin #gennadygolovkin #teamgolovkin #golovkinrolls #gggboxing #boxing #миссказахстан #missworld2019 #misskazakhstan #миссказахстан2019 @gggboxing

Публикация от MISS QAZAQSTAN (@misskazakhstan_official)

Қазақстандық әртістер Бүркіт пен Аиша да флешмобқа қосылды. "Геннадий Головкиннің жекпе-жегін өткізіп алмаңыз! Өзіміздің спортшыға жанкүйер боламыз. Геннадий Головкин - қазақстандық спортшы. Ол ең мықты", - деді Бүркіт. "Менің жерлесім, алға!", - деп қосты Аиша.

Еске салсақ, Геннадий Головкинді қолдауға арналған флешмобты қарағандылық ERG Kazakhstan кеншілері бастаған. Видеоға 300 жұмысшы қатысып, арнайы жарылыс та ұйымдастырылған. Оның аумағы 900 шаршы метр. 12 тонна жарылғыш зат пайдаланылған, ал жарылған тау-кен массасының көлемі 97 мың текше метр.

Головкин келесі кездесуін 8 маусымда (Қазақстан уақыты бойынша 9 маусымда) Нью-Йоркте Madison Square Garden аренасында өткізеді. Қарсыласы канадалық Стив Роллс. Жекпе-жек 164 фунтқа дейінгі аралық салмақта болады және DAZN стримингтік сервисімен үш жылдық келісімшарттағы алты жұдырықтасудың біріншісін өтікізеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети