28 ақпан 2019 13:56

GGG Том Леффлермен келісімшартты үзгені рас па? Промоутер мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Том Леффлер мен Геннадий Головкин Том Леффлер мен Геннадий Головкин

Америкалық промоутер Том Леффлер қазақстандық Геннадий Головкинмен келісімшартты үзгені туралы қауесетке қатысты пікір білдірді , - деп хабарлайды BoxingScene.


Америкалық промоутер Том Леффлер қазақстандық Геннадий Головкинмен келісімшартты үзгені туралы қауесетке қатысты пікір білдірді , - деп хабарлайды BoxingScene.

Леффлердің айтуынша, таяуда Головкин мән-жайды өзі айтып береді екен. 

"Бұл тақырыпқа қатысты алып-қашпа әңгіме көп. Ол өзі мәлімдеме жасаған уақытта адамдар барлығына көз жеткізеді. Ол өзінің GGG Promotions промоутерлік компаниясын құрғысы келеді және мәлімдемеден кейін барлық әңгіме сап тыйылады да, әркімнің аузына қақпақ болудан құтыламын", - дейді Леффлер.

Промутер жақында Головкин жаңа телесеріктес туралы да мәлімдеме жасайтынын айтады. Леффлер оның DAZN стриминг қызметімен келісімшартқа отырғаны туралы мәліметті растамады да, жоққа шығарған да жоқ.

"Бұл туралы айта алмаймын, өйткені әлі ештеңеге қол қойылған жоқ. Алдымен ол шешім қабылдайды, сосын ғана мәлімдеме жасайды", - дейді промоутер.

Еске салайық, DAZN Головкинмен келісімшарт жасасатыны туралы мәлімдеме жасаған еді. Кей мәліметтер бойынша, қазақстандық боксшы әрі промоутер ретінде келісімшартқа қол қояды және компания акционері болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети