02 қараша 2017 10:35

Головкин 2018 жылы кімдермен жекпе-жек өткізетіні белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com/ggolovkin © vk.com/ggolovkin

Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер RingTV арнасына берген сұхбатында отандасымыздың 2018 жылғы жоспарлары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF белбеулерінің иегері қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер RingTV арнасына берген сұхбатында отандасымыздың 2018 жылғы жоспарлары туралы айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Менің ойымша біз келер жылы үш кездесу өткіземіз. Головкин алдымен мамыр айында, содан сон қыркүйек және желтоқсан айында жекпе-жек өткізетін шығар. Әрине, мамырда біз "Канеломен" екінші рет кездесуді ойластырып отырмыз. Бұл біздің басты мақсатымыз. Сонымен қатар Головкиннің карьерасын бір орында тұрып қалмау үшін қосалқы жоспарымыз да бар.

"Канелоның" мәңгілік күте бермейміз. Егер ол жекпе-жек өткізуге келісім бермесе, Головкиннің кездесуін қабылдайтын спорт кешендері бар. Менде қосымша жоспар да. Ол кезде GGG Джейкобспен екінші рет кездесуі мүмкін", - дейді Леффлер. 

Головкин мен Альварестің командалары екінші жекпе-жек өткізу үшін келіссөздерді бастап кетті. Олар 2018 жылы 5 мамырда шаршы алаңда қайта кездесуі мүмкін.

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети