Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Головкин - Брук жекпе-жегінің соққылар статистикасы жария болды

11 Қыркүйек 2016, 12:47
0
mirror.co.uk
mirror.co.uk

WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен орта салмақтағы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Бруктің (36-1, 25 КО) жекпе-жегінің соққылар статистикасы жария болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Compubox мәліметінше, жекпе-жек барысында Головкин 301 соққы жасаған, оның 133-і (44,2 пайызы) дөп тиген. Ал джебтерінің қатынасы 110-нан 58 болды (52,7 пайыз), ал күшті соққылары 191-ден 75 (39,3).

Ал Бруктің жасаған соққылары Головкиндікінен аз болып шықты. Ол 261 соққы жасаған. Дөп тиген соққылары да аз болып шықты - тек 85 соққы дөп тиген (32,6 пайыз). Ұлыбританиялықтың джебтерінің қатынасы 25-тен 99 (25,3), ал күшті соққылары 162-ден 60 (37).

Айта кетейік, орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брукті бесінші раундта нокаутпен жеңді. Сондай-ақ, кездесу алдында жағымсыз жағдай болды. Ағылшын көрермендері Қазақстанның әнұраны орындала бастағанда ысқырып, құрметсіздік көрсетті. Sky Sport телеарнасы отандастарының бұл әрекетін тәртіпсіздік деп сөкті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай