Головкин қыркүйектегі екінші жекпе-жекке келісім бермесе, Джейкобс не Сондерске хабарласамын - "Канелоның" промоутері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Головкин қыркүйектегі екінші жекпе-жекке келісім бермесе, Джейкобс не Сондерске хабарласамын - "Канелоның" промоутері Оскар де ла Хойя. © metro.co.uk

Мексикалық Сауль "Канело" Альварестің мүддесін қорғап жүрген Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының иесі Оскар де ла Хойя Villainfy Media басылымына берген сұхбатында қазақстандық боксшы Геннадий Головкин қыркүйекте екінші жекпе-жекке келісімін бермеген жағдайда, оның орнына басқа боксшыны іздейтінін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Екінші жекпе-жекті өткізу - бұл біздің басты мақсатымыз. Біз барлығымыз қыркүйекті күтіп отырмыз - бірақ мен бірден айтайын - Головкин екінші жекпе-жекке келісімін бермеген жағдайда, біз оның орнына басқа боксшыны іздейтін боламыз. Ол жекпе-жектен бас тартса мен Дэниэл Джейкобс пен Билли Джо Сондерсқа ұсыныс тастаймын, өйткені Альварес қыркүйекте міндетті түрде шаршы алаңға шығуы тиіс. Бұрындары да айтқанымдай біз үшін басты мақса т- Головкинмен жұдырықтасу", - деді Де ла Хойя.

Сондай-ақ Оскар де ла Хойя қазақстандық боксшының америкалық Ванес Мартиросян арасында өткен жекпе-жек туралы пікір білдірді.

"Головкин - Мартиросян жекпе-жегін тамашаладым, Головкиннің жеңісіне таңғалдым, Ванес те жақсы жұдырықтасты, ол шаршы алаңға шығып, белсенділік танытты, ал қазір бұл жеңіл жеңіс болды", - дейді промоутер. 

Альварес допинг сынамасынан өте алмауына байланысты, Головкин 5 мамырда Лос-Анджелесте Ванес Мартиросянмен (36-4-1, 21 KO) жұдырықтасып, екінші раунта нокаутпен жеңді. Сауль Альварес болса тамыздың ортасына дейін бокстан шеттеілген, ол шаршы алаңға 15 қыркүйекте келеді дп жопарланған. 

Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың 16 қыркүйегінде Лас-Вегаста өткен болатын. 12 раундқа созылған жекпе-жек тең есеппен аяқталған еді. Бірақ бұл нәтижеге көптеген бокс жанкүйерлері мен мамандары қарсы болған еді.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +19
Астана +16
Ақтау +22
Ақтөбе +17
Атырау +22
Б
Балқаш +17
Ж
Жезқазған +15
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +16
Қ
Қостанай +23
Қызылорда +18
П
Павлодар +17
Петропавл +19
С
Семей +21
Т
Талдықорған +21
Тараз +21
Түркістан +17
О
Орал +20
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +21

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер