17 қыркүйек 2018 15:01

Головкинді жеңгеннен кейін "Канелоның" келесі қарсыласы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкиннен WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерін тартып алған мексикалық Сауль "Канело" Альварестің келесі қарсыласы канадалық Давид Лемье болуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz Лас-Вегастағы баспасөз мәслихатынан.


Геннадий Головкиннен WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерін тартып алған мексикалық Сауль "Канело" Альварестің келесі қарсыласы канадалық Давид Лемье болуы мүмкін, - деп хабарлайды Vesti.kz Лас-Вегастағы баспасөз мәслихатынан.

"Канеломен" үлкен жекпе-жек өзімді көрсете алатын жақсы мүмкіндік болатын еді. Әрине, онымен жұдырықтасқым келеді. Бұл жекпе-жекті өткізуге болады деп ойлаймын. Дивизиондағы ең мықты боксшымен жұдырықтасқым келеді және оны жеңе аламын деп есептеймін. Головкин туралы айтсақ, мен үш жыл алдындағыдай емеспін. Қазір мүмкіндіктерімді жақсы бағалай аламын", - дейді Лемье.

Айта кетейік, канадалық боксшы Головкин - Альварес бокс кешінің андеркартында ирландиялық Гэри "Спайк" О'Салливанды алғашқы раундта нокаутқа жіберген.

Ал Альварестің промоутері Оскар Де Ла Хойя мексикалық пен Лемьенің жекпе-жегі жыл аяғына дейін өтуі мүмкін екенін айтады: "Желтоқсанда жұдырықтасуым мүмкін. Алдымен жағдайға сараптама жасап, боксшылардың жағдайына баға беру керек", - дейді Де Ла Хойя.

Еске сала кетейік, Геннадий Головкин мексикалық Сауль "Канело" Альварестен 16 қыокүйекте өткен реваншта жеңіліп қалды. Төрешілердің шешімі бойынша жеңімпаз Сауль Альварес: 115-113, 115-113, 114-114.

Бұл екі боксшының арасындағы алғашқы жекпе-жек осыдан бір жыл бұрын өткен еді. Ол кезде кездесу тең аяқталды. Реванш биыл 5 мамырда өтуі тиіс болған, алайда мексикалық боксшы допинг тесттен өте алмай, тыйым салынған заттар қанынан табылып, ол алты айға бокстан шеттетілді.

Гена, сен біздің чемпионымызсың - министр

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети