Головкинмен жұдырықтасудан бас тартқан бұрынғы IBF чемпионы титулын қайтармақшы

26 Ақпан 2018, 13:55
0
Головкинмен жұдырықтасудан бас тартқан бұрынғы IBF чемпионы титулын қайтармақшы - © Alchetron
© Alchetron

Бұрынғы әлем чемпионы аустралиялық Сэм Солиман (45-14, 19 KO) 2018 жылы көктемде шаршы алаңға қайтып оралады, - деп хабарлайды BoxingScene.com.

Жекпе-жек 17 наурызда 44 жастағы боксшының өз елінде, яғни Австралияның Мельбурн қаласындағы Melbourne Pavilion аренасында өтеді. Солиманның қарсыласы - өз отандасы Уэс Капер (19-2, 12 KO). Екеуінің жас айырмашылығы - 15 жас. 

Бас жүлде - орта салмақтағы IBF International титулы. 

Еске салайық, 2016 жылы Солиман Сергей Деревянченкодан ұтылып қалып, орта салмақтағы IBF белбеуінен айырылып қалған еді. Қазіргі уақытта бұл белбеу Головкиннің еншісінде. 

2014 жылы Солиман Головкинмен жұдырықтасуға келіссөздер жүргізген еді, алайда кейінірек аустралиялық боксшы ол ойынан бас тартты.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай