Головкинмен кездесуде алған жарақаты Бруктің бокстан кетуіне себеп болуы мүмкін

30 Қыркүйек 2016, 16:08
0
Головкинмен кездесуде алған жарақаты Бруктің бокстан кетуіне себеп болуы мүмкін - © allboxing.ru
© allboxing.ru

Ағылшын боксшысы Келл Бруктің спорттық мансабы аяқталуы мүмкін, - деп жазады Vesti.kz тілшісі "Чемпионат.com" сайтына сілтеме жасап.

Жартылай ауыр салмақтағы IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы көз ұяшығы зақымдалғаннан кейін кәсіпқой рингке оралмауы мүмкін. Сонымен қатар, боксшының ары қарайғы мансап жолы бапкерлерінің жаңа атақтар үшін өзге салмақтарға ауысуға итермелеуі де ауырлық етпек.

Еске салайық, 11 қыркүйекте Лондонда өткен Головкин-Брук жекпе-жегі ұлыбританиялық боксшының командасы ринг ортасына ақ орамал лақтырып, кездесуді жалғастырудан бас тартқаннан кейін тоқтатылған. Осылайша Головкин техникалық нокаутпен жеңіске жетіп, орта салмақтағы WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша атағын қорғап қалды.

Жекпе-жектен кейін Брук бірден ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер оның көз ұяшығы сынғандығын анықтады. Жақында ол туған қаласы Шеффилдте ота жасатты. Екі аптадан кейін ол жаттығуларын жалғастырады, дегенмен спортшыға төрт ай бойы жекпе-жекке шығуға болмайды.

Рингке оралу үшін Брук тексеруден өтіп, Бокс саласы бойынша британиялық бақылау кеңесі комиссиясының (BBBofC) рұқсатын алуы керек.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай