13 ақпан 2020 15:07

Головкиннің келесі жекпе-жегі Қазақстанда өтуі мүмкін бе?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) міндетті қарсылас польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жекпе-жегі сәуірден ерте өтпейтін болды. Бұл туралы ESPN басылымына промоутер Эдди Хирн айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бастапқыда Головкин жекпе-жегі 29 сәуірге жоспарланған болатын, кейін бірнеше себептермен 28 наурызға ауыстырылды. Ал өтетін орын ретінде Чикагодағы Wintrust Arena мен Инглвудтегі Forum аренасы қарастырылған. 

Енді Хирннің айтуынша, бокс кеші 11 сәуірде өтеді. Сонымен қоса, жекпе-жек әлі де Қазақстанда өту ықтималдығы бар. 

"Талқылап жатқанымыз осы мәселе. Әзірге ештеңе шешілген жоқ, бірақ, жекпе-жек Қазақстанда өту мүмкін", - дейді Matchroom Boxing басшысы.

Дегенмен мұның алдында RingPolska басылымы Эдди Хирннің Головкин - Шеремета жекпе-жегін Қазақстанда өткізу талпынысы сәтсіз болғанын хабарлаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети