26 мамыр 2018 16:56

Головкиннің реванш алдында Альвареске қандай шарт қойғаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Геннадий GGG Головкин"/ВКонтакте © "Геннадий GGG Головкин"/ВКонтакте

"Канело" командасының Головкинмен екінші жекпе-жек бойынша келіссөзді неліктен тоқтатқаны белгілі болды, деп хабарлады Vesti.kz.


"Канело" командасының Головкинмен екінші жекпе-жек бойынша келіссөзді неліктен тоқтатқаны белгілі болды, деп хабарлады Vesti.kz.

Press-Enterprise мәліметтері бойынша, Халықаралық бокс федерациясы (IBF) Головкин украиналық Деревянченкомен міндетті жекпе-жекті өткізбесе оны титулынан айыру туралы мәлімдеме жасаған соң, қазақстандық боксшы реванш кірісін бөлісу туралы жаңа шарт қойған.

Бастапқыда "Канело" кірістің 65 пайызын, ал Головкин 35 пайызын алады деп келісілген. Енді қазақстандық боксшы табысты тең бөліп, яғни 50-де 50 аламыз деп талап етіп отыр.

"Геннадий айтты: "Мен кірістің әділетті бөлінгенін қалаймын. Мен чемпионмын және 50-50 шартын қоямын", - деп хабарлады қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер.

Басылымның мәліметтері бойынша, бірінші жекпе-жекте "Канело" - 70, Головкин 30 пайыздық үлесін алған. Осылайша, Альварес 50 миллион доллардан аса табыс тапты, ал GGG бар болғаны - 20 миллион.

Еске сала кетейік, бүгін, 26 мамырда  Альварестің командасы Головкинмен реванш өткізу бойынша келіссөздің неліктен тоқтағанын айтты. Golden Boy Promotions президенті Эрик Гоместің сөзіне қарағанда, келіссөздер бейсенбіге дейін жақсы жүрген, алайда Головкиннің командасы өзінің жаңа талаптарын қойып, оны Гомес ерсі әрі қабылдауға келмейтін өрескел талаптар, деп атады.

Головкин - Альварес реваншы 5 мамырда өтуі тиіс еді, алайда мексикалық боксшы допингке қатысты дауға тап болды. Альварес допингке қарсы ережелерді бұзғаны үшін алты айға шеттетілді. Ол мерзім тамызда аяқталып, ол 15 қыркүйекте боксқа орала алады. Головкин "Канелоның" орнына Ванес Мартиросянмен жұдырықтасып, екінші раундта нокаутқа түсірді.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети