03 желтоқсан 2021 13:32

Головкиннің "суперчемпионға" қарсы жекпе-жегі 2022 жылдың көктеміне шегерілді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Сурет: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Орта салмақтағы WBA Super бойынша әлем чемпионы Риота Муратаның мүддесін қорғайтын Teiken промоутерлік компаниясы жапондық боксшының осы салмақтағы IBF және IBO титулдарының иегері Геннадий Головкинмен бірлескен жекпе-жегінің өтетін уақыты шегерілетінін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап.  

Компания Головкин мен Муратаның жекпе-жегі келесі жылдың көктеміне шегерілгенін хабарлады. Нақты күні елдегі эпидемиологиялық жағдайды зерттеп, құзыретті органдармен кеңескеннен кейін жарияланады.

Головкин өткен жылдың желтоқсанынан бастап рингке шықпады, ол кезде АҚШ-та поляк Камил Шереметаны нокаутқа түсіріп, 21-рет әлем чемпионы атағын қорғады.

35 жастағы Мурата одан да ұзақ шықпады - 2019 жылдың желтоқсанында ол Стивен Батлерге қарсы күресте өз атағын сәтті қорғады.

Бұған дейін 29 желтоқсанда Токиода өтетін Головкин - Мураттың жекпе-жегі кейінге шегерілгені белгілі болды. Мұның себебі - коронавирустың "омикрон" штамының таралу қаупіне байланысты Жапонияға кіру шектеулерінің күшеюі. Сонымен бірге, ұйымдастырушылар Жапония үкіметінен GGG үшін рұқсатқа қол жеткізуге тырысты, бірақ Жапония билігі бас тартты. Головкин де бұл ақпаратты растады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети