Головкинның жекпе-жегін көруге кімдер келді?

11 Қыркүйек 2016, 09:20
0
Головкинның жекпе-жегін көруге кімдер келді? -

Лондонда өткен бокс кешіне, яғни қазақстандық Геннадий Головкин мен ұлыбританиялық Келл Бруктың кездесуін тамашалауға әлемдік жұлдыздар да келді. Олардың ішінде "Манчестер Юнайтед" командасының футболшысы Златан Ибрагимович, "Тақтар ойыны" телесериалының актерлері, танымал боксшылар Бернард Хопкинс, Дэвид Хэй, Насим Хамед, Джеймс Дигейл және басқалары келді. 

Айта кетейік, орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин жартылай орта салмақта IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы ұлыбританиялық Келл Брукті бесінші раундта нокаутпен жеңді. Сондай-ақ, кездесу алдында жағымсыз жағдай болды. Ағылшын көрермендері Қазақстанның әнұраны орындала бастағанда ысқырып, құрметсіздік көрсетті. Sky Sport телеарнасы отандастарының бұл әрекетін тәртіпсіздік деп сөкті.


[removed][removed]


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай