03 ақпан 2021 12:30

Жәнібек Әлімханұлы ақпанда рингке шықпайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: instagram.com/janibek_qazaqstyle/ Сурет: instagram.com/janibek_qazaqstyle/

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) 27 ақпанда Алматыда өтетін бокс кешінде жұдырықтаспайтын болды, - деп хабарлайды Vesti.kz


Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) 27 ақпанда Алматыда өтетін бокс кешінде жұдырықтаспайтын болды, - деп хабарлайды Vesti.kz

"Маңызды! Құрметті жанкүйерлер! Өкінішке қарай, біз 27 ақпанда Алматыда жұдырықтаспайтын болдық. Жәнібек жаттығу кезінде жарақат алып қалды. 

Құдай қаласа, бәрі жақсы болса көктемнің аяғы немесе жаздың басында рингке шығамыз. Осыдан қиын сәтте сіздер бізді қолдайтындарыңызды білеміз", - деп жазды боксшының командасы Instagram-дағы парақшасында. 

Айта кетейік, Әлімханұлы қазіргі уақытта WBO Global және WBC Continental белбеулерінің иегері. Ол соңғы кездесуін қазанда өткізіп, аргентиналық Гонсало Корияны нокаутпен жеңген.

Еске салайық, Алматыдағы бокс кешінің басты кездесуінде бокстан Қазақстан құрамасының капитаны, екі рет Азия біріншілігінің финалына шыққан Қамшыбек Қоңқабаев (2-0, 2КО) өнер көрсетеді. Оның қарсыласы ұлыбританиялық боксшы Стивен Уорд (13-1, 4 КО) болады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети