03 қазан 2017 14:25

Жекпе-жегімді тікелей эфирден Президент көргенін естігенде жүрегімде көптеген эмоциялар болды - GGG

ПОДЕЛИТЬСЯ

© karaganda-region.gov.kz © karaganda-region.gov.kz

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) ҚР Президентінің атына алғыс сөздерін Қарағанды облысының әкімімен кездесу барысында айтып жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) ҚР Президентінің атына алғыс сөздерін Қарағанды облысының әкімімен кездесу барысында айтып жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Спортшының айтуынша, бұл қолдау Альвареспен өткен ымырасыз жекпе-жекте ерекше қажет болған екен.

"Бірінші кезекте мен мемлекетіміздің Басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа осындай қолдау көрсетіп, жылылық сыйлағаны үшін алғысымды білдігім келіп отыр. Ол жекпе-жекті қалың жұрт көрді деп ойлаймын. Менің жекпе-жегімді тікелей эфир арқылы Президент көргенін естігенде, әрине, менің жүрегімде, кеудемде көптеген эмоциялар болды, - деді Геннадий Головкин. - Адами тұрғыдан алсақ, бұл жанға жайлылық пен мақтаныш ұялататын өте тамаша жайт. Және де Президентіміздің спортқа жанкүйерлік ететініне барлық қазақстандық бұл мақтанышты менімен бірге бөлісті деп ойлаймын".

Өз кезегінде облыс әкімі Геннадий Головкинге рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыруда қосып жүрген үлесі үшін рақмет айтты. 

"Біздің Президенттен бастап еліміздің әрбір тұрғыны саған жанкүйер болды. Біздің Қазақстанның, Қарағандының атын осылай асқақтатып жүргеніңе үлкен алғыс айтамыз", - деді Ерлан Қошанов. 

Еске салайық, WBA, IBF, WBC, IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин Қарағандыға балалар ойын спорт алаңын сыйлаған болатын. Кешен оның туып өскен ауласы - Майқұдықтың 14-ші ықшам ауданында орнатылған.

Кездесудің басты тақырыбы аймақта балалар спортын дамыту төңірегінде өрбіді. Боксшы Майқұдықтағы оның есімі берілген спорт кешенінде болып қайтқанын жеткізді. Оны бұл нысан қаншалықты сұранысқа ие екені - оған келушілер қатары қалың ба жоқ па, балалар қандай спорт түрлеріне көбірек бейім екені қызықтырды. Геннадий бұл спорт нысанын әрі қарай дамыту туралы ұсыныс білдірді.

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундқа созылды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети