Бокстан WBC және WBA (Super) нұсқаларынан әлем чемпионы мексикалық Сауль Канело Альварес пен IBF титулының иесі америкалық Дэниел Джейкобс жекпе-жек алдындағы салмақ өлшеу рәсімінде төбелесе жаздады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі боксшыда салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Альварес 159,5 фунт болса, Джейкобстың салмағы - 160 фунт. Мексикалық боксшы қарсыласынан 227 граммға жеңіл болды. Яғни Канелоның салмағы 72,347 келі, ал америкалық боксшының салмағы 72,574 келі.
Салмақ өлшеу рәсімінен кейін Канело мен Джейкобс бетпе-бет кездесті. Сол уақытта олардың арасында кикілжің болып, бір-бірімен жұлқысты. Келесі жолы олар рингте кездеседі.
Альварес пен Джейкобс кездесуі бокс кешенің ең басты жекпе-жегі болмақ. Ол 4 мамырда Лас-Вегастың T-Mobile алаңында өтеді. Астана уақытымен бұл бокс кеші 5 мамырда таңғы уақытта болады. Бұл жекпе-жекте Альварес пен Джейкобс өз титулдарын қорғайды, осыған дейін ол титулдарды қазақстандық боксшы Геннадий Головкин иелік еткен.
Қолданушыларымызға ыңғайлы болуы үшін пікір авторларының орналасқан жерін автоматты түрде анықтау функциясын жасадық.
Введите свою почту и пароль
0:00