30 қаңтар 2017 10:33

"Канелоға" жекпе-жектен қашудың қажеті жоқ, ол Головкинді жеңеді - Әмір Хан

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pro-box.ru © pro-box.ru

Әлемнің бұрынғы чемпионы ұлыбританиялық Әмір Хан өзіне қарсылас болған Сауль "Канело" Альварестің қылығына наразылығын білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.


Әлемнің бұрынғы чемпионы ұлыбританиялық Әмір Хан өзіне қарсылас болған Сауль "Канело" Альварестің қылығына наразылығын білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі.

"Маған "Канело" ұнайтын еді. Менімен жұдырықтасып, жеңіске жетті. Егер P4P рейтингінде ең мықтылар қатарында болғысы келсе, біздің істегенімізді істеу керек - үздіктермен қолғап түйістіруі қажет. Белбеу сенде болса, саған кім қарсы тұратынына қарамастан жұдырықтасу қажет. Мен міндетімді орындаған едім. Ал ол болса салмағын түсірген немесе көтерген адаммен ғана жекпе-жек өткізеді. 

"Канелоның" қазіргі істеп жүргені халықты алдау. Оған өз салмағында 160 фунтта жекпе-жектер өткізген дұрыс. Оған Головкиннен қашып керек емес, Альварес оны жеңе алады. Ол болса жерлесімен жұдырықтасамын деп Головкиннен қашып жүр", - дейді Хан Behind the Gloves басылымына берген сұхбатында. 

Еске салайық, "Канело" мен Чавес арасындағы жекпе-жек 6 мамырға белгіленген. Альварестің промоутері осы жекпе-жектен кейін қыркүйекте "Канело" Головкинмен жұдырықтасады деп уәде еткен. Ал қазақстандық боксшы наурызда Нью-Йорк қаласында америкалық Дэниэл Джейкобске қарсы тұрады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети