26 қараша 2019 11:22

"Канелоның" келесі жекпе-жегіне Головкиннің орнына басқа боксшы ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Канелоның" келесі жекпе-жегіне Головкиннің орнына басқа боксшы ұсынылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


"Канелоның" келесі жекпе-жегіне Головкиннің орнына басқа боксшы ұсынылды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Украиналық Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО) 2020 жылы мамырда орта салмақта WBC (Franchise) және WBA (Super) чемпионы Сауль "Канело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) жұдырықтасуға дайын. Әрине, мексикалық боксшы қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) үшінші жекпе-жектен бас тартса. Бұл туралы Worldboxingnews.net басылымына украиналық боксшының промоутері Лу ДиБелла мәлімдеген.

"Канело" мамырда GGG-мен жұдырықтасқысы келмесе, Сергей 160 фунт, тіпті 168 фунтта жекпе-жек өткізуге дайын. Головкин мықты, бірақ Деревянченконың жанармайы көбірек. Сергей, меніңше, "Канелоға" Головкиннен артық қиындық тудырады", - дейді промоутер.

Еске салайық, 6 қазанда Головкин Деревянченконы жеңген болатын. Геннадий Головкин бірінші раундта украиналық Сергей Деревянченконы нокдаунға түсірді. Десе де Деревянченко орнынан тұрып, ұрысты жалғастыра алды. 12 раундқа созылған жекпе-жек отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Төрешілер жеңісті бірауыздан Головкинге берген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети