28 сәуір 2019 14:21

"Канелоның" промоутері Головкинге шарт қойды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) Сауль "Канело" Альвареспен (51-1-2, 34 КО) үшінші рет жекпе-жекке шығу үшін әлем чемпионымен жұдырықтасуы керек. Бұл шартты мексикалық спортшының ісін жүргізетін Оскар Де Ла Хойя қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 


Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) Сауль "Канело" Альвареспен (51-1-2, 34 КО) үшінші рет жекпе-жекке шығу үшін әлем чемпионымен жұдырықтасуы керек. Бұл шартты мексикалық спортшының ісін жүргізетін Оскар Де Ла Хойя қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz ақпарат порталына сілтеме жасап. 

"Головкин қыркүйекте "Канеломен" жұдырықтасады деген жалған. Мен Альвареспен жүз пайыз келісемін, Головкин қайтадан көтерілуі тиіс. "Канело" енді чемпион, оның таңдауы көп, ол 168 фунтқа, тіпті 175 фунтқа дейін көтеріліп, тарих жасай алады. GGG "Канеломен" жұдырықтасқысы келсе, әлем чемпионымен жекпе-жекке шығуs керек", - деп жазады BoxingNews24 тілшісі Де Ла Хойя сөзін келтіріп.

Головкин 2018 жылдың қыркүйегінде өткен соңғы жекпе-жегінде "Канелодан" жеңіліп, орта салмақтағы WBC, WBA (Super) және IBO чемпиондық атағын жоғалтқан. Бұл GGG карьерасындағы бірінші жеңіліс болды.

Енді екі боксшы да DAZN-да шығып жүр және БАҚ өкілдері олардың үшінші кездесуі 2019 жылдың қыркүйегінде өтетінін хабарлаған. Алайда, "Канелоның" өзі үшінші жекпе-жекке келісімшарт болмағанын мәлімдеді, сонымен қатар, GGG WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанса, ол қазақстандықпен кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Себебі оның мақсаты - орта салмақта абсолют әлем чемпионы болу.

Енді Геннадий Головкин рингке 8 маусымда оралады. Ол Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында жеңіліп көрмеген канадалық Стивен Роллспен кездеседі. Жекпе-жек 164 фунтқа дейінгі аралық салмақта өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети