"Канелоның" шешесі ұлының жеңгенін айтып, бұлқан-талқан болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Канелоның" шешесі ұлының жеңгенін айтып, бұлқан-талқан болды

Желіде мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің шешесі Ана Мария Барраганның ұлы мен орта салмақта WBA (Super) WBC IBF IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен өткен жекпе-жектен кейінгі төрешілердің шешімін күткендегі сәті түсірілген видео пайда болды, - деп хабарлайды La Opinion.


Әйел T-Mobile аренасына жекпе-жекті көруге келіп, төрешілер шешім шығарған сәтте ашуға берілді: "Бұл дүниеде бәрі де сатылады. Менің ұлым бұл жекпе-жекте жеңіске жетті. Олар жеңісті "ұрлап кетті", - деп мәлімдейді ол.

Айта кетейік, Барраган сегіз баланың анасы, оның жетеуі ұл, олардың барлығы кәсіпқой боксшы болған. 

Осы сәтте жанкүйерлер Головкин мен Альварестің жекпе-жегіне қатысты шығарылған шешімге ысқырып, наразы болған еді. Кейін бокс әлемінің жанкүйерлері бұл шешімге наразы болғанын айта кетейік. Альварестің өзі де жекпе-жек аяқталғаннан кейін қазақстандықтың күшті екенін мойындаған еді. 

Ал Головкиннің өзін жеңілдім деп санамайтынын мәлімдеді. "Тең есеп - ол менің кінәм емес. Қолымнан келетінін барлығын жасадым. Менің белбеулерімен қараңыздаршы, мен жеңілген жоқпын", - деген еді осыған дейін Головкин.

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды.

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +19
Ақтау +26
Ақтөбе +23
Атырау +26
Б
Балқаш +21
Ж
Жезқазған +19
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +21
П
Павлодар +21
Петропавл +25
С
Семей +27
Т
Талдықорған +29
Тараз +26
Түркістан +24
О
Орал +24
Ө
Өскемен +30
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер