Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Спорт
  4. Бокс

Қазақстан тумасы карьерасында алғаш рет жеңіліп, WBO белбеуінен айырылды 15 мамыр 2022, 11:14

Қазақстанда дүниеге келіп, бірақ қазіргі уақытта Германияның намысын қорғайтын боксшы Роман Фресс жартылай ауыр салмақта WBO ұйымының құрлықтық
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

©sportschau.de ©sportschau.de

Қазақстанда дүниеге келіп, бірақ қазіргі уақытта Германияның намысын қорғайтын боксшы Роман Фресс жартылай ауыр салмақта WBO ұйымының құрлықтық белбеуінен айырылып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz

Магдебургте (Германия) өткен бокс кешінде ол карьерасында бірінші рет жеңілді. Осыған дейін Фресстің еншісінде 15 жеңіс бар еді. 

Бұл кездесуде Фресстің қарсыласы косоволық Арменд Хождай болды. Қазақстан тумасы он раундтың қорытындысы бойынша 92-98, 94-96, 96-94 есебімен жеңіліп, белбеуінен айырылды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram