02 мамыр 2019 09:17

"Ол мүмкін емес" - Санчес Головкинмен қайта жұмыс істеу жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: boxingscene.com Фото: boxingscene.com

Белгілі америкалық бапкер Абель Санчес SecondsOut-қа берген сұхбатында орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкинмен қайта жұмыс істеу мүмкіндігі туралы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Белгілі америкалық бапкер Абель Санчес SecondsOut-қа берген сұхбатында орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкинмен қайта жұмыс істеу мүмкіндігі туралы айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі тарап 2010 жылдан бастап жұмыс істеген. Головкин өз шешімін кәсіби деңгейін арттыру ниетімен түсіндірді. Ал Санчес оны "ашкөздік пен сараңдықтың" кесірі дейді.

"Қайта жұмыс істейміз деп ойламаймын. Мұнда жеке себептер бар. Қазір оның қасында ашкөз кеңесшілер жүр, олар Головкин үшін бұрыс шешімдер қабылдайды. Соның кесірінен қайта жұмыс істей қоймаспыз. Мен қайта жұмыс істер едім, бірақ ол мүмкін емес. Мен ренжіген жоқпын, бірақ соның салдарынан айналамдағы адамдар зардап шекті. Егер болашақта осындай мүмкіндік туса, мен келіссөз жүргізуге дайынмын", - деді Санчес. 

Санчестің басшылығымен Головкин 22 жекпе-жек өткізіп, 20-да жеңіске жетті (19-ы нокаутпен), бір рет жеңіліс тапты, тағы бірінде тең түсті. Соңғы жекпе-жегі 2018 жылдың қыркүйегінде "Канелоға" қарсы реванш болған.

Енді Геннадий Головкин рингке 8 маусымда оралады. Ол Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында канадалық Стивен Роллспен кездеседі. Жекпе-жек 164 фунтқа дейінгі аралық салмақта өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети